Биыл Шығыс Қазақстан облысында 25 жол жөндеуден өтеді

Биыл Шығыс Қазақстан облысында 25 жол жөндеуден өтеді

Биыл Шығыс Қазақстан облысында 25 жол жөндеуден өтеді
ашық дереккөзі
2020 жылы өңірде автомобиль жолдары саласындағы 25 жоба  аясында облыстық және аудандық жолдар, сондай-ақ елді мекендерге кіретін жолдар орташа жөндеуден өтеді. Атап айтқанда, «Семей-РФ шекарасы-Новопокровка-Петропавловка-Зубаир-Байтанат-РФ шекарасы», «Семей-РФ шекарасы-Воскресеновка-Петропавловка-Шелехово-Бел-Ағаш-Дмитриевка», «Шемонаиха-Усть-Таловка», «Большенарым-Күршім», «Солдатово елді мекеніне кіру жолы», «Большенарым-Күршім», «Омбы-Майқапшағай-Жарсу-Бақасу-Саржыра»,   «Карағанды-Аягөз-Боғас-Ырғызбай ата», «Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар», «Таврическое-Каменка-Завидное», «Өскемен-Тарғын-Самарское», «Шемонаиха-Большая Речка», «Таскескен-Бақты-Қарабұта-Ақшоқы» жолдары жаңартылады. Бұдан бөлек, биыл 8 елді мекенге кіру жолы жөнделеді деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, өңірде республикалық автомобиль жолдары саласында: «Талдықорған-Өскемен», «Қалбатау-Майқашағай» жолдары және «Осинов асуы» сияқты ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Еске  сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысындағы жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы – 8584 шақырым. Олардың 81% – жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда.