Елордада 18 мамырдан жұмысы жанданатын кәсіпорындар аталды

Елордада 18 мамырдан жұмысы жанданатын кәсіпорындар аталды

Елордада 18 мамырдан жұмысы жанданатын кәсіпорындар аталды
ашық дереккөзі
322
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пралиева 18 мамырдан бастап елордада қандай кәсіпорындардың жұмысы жанданатынын хабарлады.  «18 мамырдан қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысына рұқсат етіледі. Бұл ретте 50 орынға дейінгі жобалық көлемдегі дәмханалар, мейрамханалар қамтылады, сондай-ақ даладағы жазғы дәмханалар ескеріледі. Мұнымен қоса, балабақшалардағы кезекші топтардың, жеке сабақтар үшін балалардың коррекциялық кабинеттерінің жұмысы қарастырылған», - деді Д. Пралиева. Сонымен қатар, қаланың бас санитары халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашу мәселесі қарастырылып жатқанын жеткізді. Жанна Пралиеваның айтуынша, коронавирустың таралуының деңгейі бес пайыздан аспайтын көрсеткіш сақталған жағдайда ғана аталған нысандардың жұмысы жанданбақ.  Айта кетейік, 18 мамырдан бастап елімізде мешіттердің ашылуына да рұқсат берілді.  Бас мүфти мешітке келетін жамағатқа үндеу жасап, карантин талаптарын сақтау үшін көпшілікпен оқылатын бес уақыт, жұма, тарауық намаздарына қатысты уақытша шектеулер өз күшінде қалатынын ескертті.  

Серіктес жаңалықтары