Карантин кезінде ауадағы улы заттар мөлшері 60 есе азайған

Карантин кезінде ауадағы улы заттар мөлшері 60 есе азайған

Карантин кезінде ауадағы улы заттар мөлшері 60 есе азайған
ашық дереккөзі
281
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов карантин кезінде  Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ауа  сапасы қалай өзгергенін айтты.  Вице-министрдің айтуынша , бүгінде Қазгидромет республика бойынша ауаның сапасын бақылап отырады. Ал карантин енгізілгеннен кейін астана мен Алматыдағы жағдай ерекше бақылауға алынған. "Алматыға жасалған талдау бойынша қаланың төменгі жағында ауада қалқып жүретін PM 2,5 - PM 10 бөлшектерінің мөлшері шамадан асып тұр. Ондай қалдықтар, көбінесе, ЖЭС, ЖЭС-2 мен ЖЭС-3-тен шығады. Дегенмен, қаланың үстіңгі жағында газдардың айтарлықтай азайғаны байқалып отыр. Атап айтқанда, азот тотығы мен азот диоксиді төмендеді. Ал ауадағы фенолдың мөлшері өткен жылмен салыстырғанда  60 есеге азайған", - деді Пірімқұлов бүгінгі онлайн брифингте. Оның сөзіне қарағанда, карантин кезінде, көбінесе, көліктерден шығатын зиянды қалдықтардың көлемі төмендеді. "Елорданың аумағында осындай қалдықтардың азайғаны тіркеліп отыр. Алайда ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жылу электр станциялары өз жұмысын жалғастырды. Сондықтан осы нысандардан шығатын қалдықтар бар", - деп атап көрсетті Пірімқұлов. Вице-министр астананы газдандыру және Алматыда жылу электр станцияларын газға көшіру шаралары да оң нәтиже беретінін жеткізді. Сондай-ақ, Пірімқұлов ірі кәсіпорындардың өтінішіне қарамастан,  коронавирус пандемиясына байланысты жаңа Экология кодексін қабылдау кейінге шегерілмейтінін мәлімдеді.  

Серіктес жаңалықтары