"Оқушылар мектепке оралсын!": Министр ата-аналардың петициясына жауап берді

"Оқушылар мектепке оралсын!": Министр ата-аналардың петициясына жауап берді

"Оқушылар мектепке оралсын!": Министр ата-аналардың петициясына жауап берді
ашық дереккөзі
254
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында білім берудің мектептегі қалыпты форматын қайтаруды сұраған ата-аналардың петициясына жауап берді.  Министрдің айтуынша,  қашықтан оқыту – әлемдік Covid-19 пандемиясына байланысты бәріміздің қауіпсіздігіміз үшін қолданылған мәжбүрлі шара. «Біздің алдымызда нақты міндет тұрды - оқушылар мен білім қызметкерлерінің денсаулығын сақтау, сонымен бірге оқыту процесін үзбеу. ЮНЕСКО мәліметіне сәйкес, бүкіл әлемде 1,5 млрд оқушы қашықтан оқытуға мүмкіндік беретін технологиялармен білім алуда. Біз оқу үрдісін жалғастыру үшін қолдағы бар мүмкіндікті пайдаландық. Кейбір жағдайдың кездескені болмаса жалпы үрдіс ұйымдастырылды деп есептеймін», - деп жазды ведомство басшысы. Асхат Аймағамбетов дәстүрлі іштей білім беру формасы алынбағанын атап өтті. Десе де, түрлі төтенше жағдайлар кезінде қашықтан оқыту технологияларын пайдалану тиімді екенін айтты. «Қашықтан оқыту – мәжбүрлі шара болды. Әлбетте алда да мұндай жағдайлармен бетпе-бет келген кезде байқау керек. Сол себепті Мемлекет басшысының тапсырмасымен біз тиісті жұмыстарды ұйымдастырудамыз. Қашықтан оқытудың технологияларын дамытып, мектептерді ақпараттандыру жұмысын жүргізу керек. Мәселен ауа райының бұзылуына байланысты оқушылардың оқудан қалуға мәжбүр болатын жағдайын алып қарастырайық немесе кейде бала үйінде оқуға мәжбүр болады. Іштей оқыту форматы бүгінгі таңда ең тиімді шешім екенін бәріміз түсініп отырмыз», - дейді министр. Ведомство басшысы келесі оқу жылы мектеп қабырғасынан басталарына үмітті екенін жеткізді.   Айта кетейік, коронавирустың таралуына байланысты оқушылардың қашықтан білім беру жүйесіне көшуіне орай биыл қорытынды аттестаттау емтихандары өткізілмейді. Министрліктің хабарлауынша, 11-сынып бітіретін мектеп түлектеріне аттестат 3-4 маусымда тапсырылады.  

Серіктес жаңалықтары