Алматыда әлеуметтік жобалар жәрмеңкесінің жеңімпаздары анықталды

Алматыда әлеуметтік жобалар жәрмеңкесінің жеңімпаздары анықталды

Алматыда әлеуметтік жобалар жәрмеңкесінің жеңімпаздары анықталды
ашық дереккөзі
241
Алматыда он алтыншы әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпаздары анықталды.  Игі бастаманы жыл сайын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры ұйымдастырады. Коронавирустың таралауына байланысты іс-шара осы жылы онлайн форматта өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Биылғы байқау «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін ғаламдық проблемаларды жергілікті жерлерде шешу» тақырыбына арналды. Жәрмеңке үш аталымнан тұрады. Біріншісі – білім беру, спорт саласына инклюзивті жүйені енгізу. Екіншісі – әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту. Соңғысы экологиялық қиындықтарды шешуді және балалардың бойына экологиялық тәрбиені сіңіруді көздейді. Осы үш аталымда «Тамшыбұлақ», «Періште» қоғамдық бірлестіктері мен «Қостанай облысы паралимпиадалық спорт түрлері» федерациясының жобалары үздік шықты. Жалпы жәрмеңкеге 160-қа жуық жоба қатысты. "Әрбір жоба осы тұрақты даму процесіне үлкен үлес қосады деп сенім білдіреміз. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры оларға әрқашанда қолдау көрсетуге дайын", - дейді  ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жобаларының аға үйлестірушісі Гүлнәр Ершиманова.

Серіктес жаңалықтары