Мақтаарал тұрғындары төлебиліктерге көмек қолын созды

Мақтаарал тұрғындары төлебиліктерге көмек қолын созды

Мақтаарал тұрғындары төлебиліктерге көмек қолын созды
ашық дереккөзі
Үйлерін қызыл су басқан Төлеби ауданының тұрғындарына алғашқылардың бірі болып мақтааралдықтар көмек қолын созды.  Мақтаарал тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген 105 отбасына бірінші кезекте қажетті 12 түрлі азық-түлік пен киім-кешек, химиялық және медициналық заттар жіберді. Мырзашөлдің тұрғындары бірқатар қиындықты бастан өткеріп жатса да төлебиліктердің жағдайына бей-жай қарай алмады. Мақталы өлкенің мырза халқы жіберген гуманитарлық көмек жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайдың зардаптарын жою жөніндегі аудандық штабтың қоймасына жеткізілді. «Өздері қиын жағдайда болса да біздің жағдайымызды ести сала көмекке келген Мақтаарал ауданының азаматтарына алғысымызды айтамыз»,- деді Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков. Айта кетейік, айтып келмейтін апатты еңсеруде Мақтаарал ауданы мен Жетісу өңірінің ерікті жастары алдыңғы шепте жүр.