277
АҚШ астанасында карантин 8 маусымға дейін ұзартылды
АҚШ астанасында карантин 8 маусымға дейін ұзартылды
Вашингтонда карантин режимі 8 маусымға дейін ұзартылды.
Бұл туралы Колумбия округінің мэрі Мюриэль Баузер мәлімдеді. Аймақ басшысының айтуынша, бұл коронавирустың таралуын шектеу үшін қабылданған мәжбүрлі шешім.
«Карантинді асығыс алып тастау қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Біз экономикамызды қалпына келтіруге тырысып жатырмыз...Бірақ вирус екінші рет кең тарап кетсе, одан да қиын жағдай болатынын түсініп отырмыз», - деді М. Баузер.
Округ мэрінің қала қабылданған ережелерді кезең-кезеңімен алу туралы шешім қабылданса, үй карантині режімін кез келген уақытта қайта қарауға болатынын жеткізді.
Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегіне сүйенсек, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 1 390 764 адамға жетті. Науқастардың 84 мыңнан астамы көз жұмды. Ел астанасында 6584 адамнан індет анықталып, 350 адам қайтыс болды.
Айта кетейік, Қазақстанда 5571 адам коронавирус жұқтырды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы тәулікте елімізде 154 науқас тіркелген.