Алматыда балабақшалар қашан ашылады – бас санитар жауап берді

Алматыда  балабақшалардың жұмысы қашан жанданады? Бұл сауалға қалалық Қоғамдық кеңесте Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жауап берді. 

«Қалада коронавирустың күнделікті өсімі 2 пайызға төмендеген жоқ. Сондықтан, балабақшаларды ашуға асықпаймыз», – деді қаланың бас санитары.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов  карантинге байланысты еліміздегі балабақшаларда бала санына шектеу енгізілетінін мәлімдеген

Оның айтуынша, әр балабақшада 15 баладан аспауы қажет.

 

Back to top button