461
Еуропада коронавирустың салдарынан пайда болған жаңа синдром өршіді
Еуропада коронавирустың салдарынан пайда болған жаңа синдром өршіді
Дәрігерлер коронавирустың салдарынан туындайтын жаңа синдромның негізгі белгілерін анықтады, деп хабарлайды Daily Mirror.
Басылымның хабарлауынша, жаңа синдромның белгілері Кавасаки дертіне немесе инфекциялық токсикалық шокқа ұқсас. Оның негізгі симптомдары – бес күннен ұзаққа созылатын температура, бөртпе, көздің және аяқ-қол саусақтары терісінің қызаруы, іш өтуі және еріннің жарылуы.
Синдромға көбіне бес жасқа дейінгі балалар шалдығады. Дәрігерлер жоғарыда аталған белгілер пайда болған жағдайда дереу мамандар көмегіне жүгіну керегін ескертеді. Емдеу шаралары ертерек басталса, дерттің асқынуына жол бермеуге болады.
Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомоның айтуынша, жаңа ауру АҚШ-тың 15-ке тарта штатында және анықталған. Сондай-ақ, Еуропаның бес елінде: Ұлыбритания, Франция, Испания, Италия және Швейцарияда тіркелген. Ұлыбританияда 12 бала, Францияда 15-ке жуық бала жаңа синдромға шалдыққан.
Бұған дейін Нью-Йорк аталған індеттен үш баланың көз жұмғаны хабарланған. Кейінірек Италияның Ломбардия аймағында синдромның таралуы өрши түскені белгілі болды. Дәрігерлер жаңа індетті коронавирустың салдарынан туындайтын асқыну деп түсіндіріп отыр.