300
Гуманитарлық көмек: Жапония Қазақстанға коронавирусты емдейтін дәрі-дәрмектер жіберді
Гуманитарлық көмек: Жапония Қазақстанға коронавирусты емдейтін дәрі-дәрмектер жіберді
Жапония Үкіметі гуманитарлық көмек ретінде ұсынған 12 200 таблеткадан тұратын препараттар бүгін Алматы қаласына жеткізілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл жаңа түрлі коронавирусты емдеу үшін қолданылатын дәрі-дәрмектер. Гуманитарлық көмек «Scat» әуе компаниясының арнайы рейсімен жеткізіліп, медициналық мекемелер арасында одан әрі тарату үшін «СҚ-Фармация» ЖШС-ға табыс етілді.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Жапония Үкіметіне екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік рухына сай келетін достық ықыласы үшін алғыс айтады.