«Бәйтерек» холдингінен 197 млн теңге қолды болды

«Бәйтерек» холдингінен 197 млн теңге қолды болды

«Бәйтерек» холдингінен 197 млн теңге қолды болды
ашық дереккөзі
289
«Бәйтерек» холдингінен 197 млн теңгенің жымқырылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ лауазымды тұлғалары мен өзге де адамдарға қатысты тергеу амалдарын бастады. Іс «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ еншілес ұйымының бизнес-моделін түрлендіру бойынша консультациялық қызметке арналған мемлекеттік сатып алуға бөлінген 197 млн теңгелік бюджет қаражатының жымқырылуына байланысты қозғалып отыр», - деді Данияр Бекайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында. Қазіргі уақытта аталмыш іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  

Серіктес жаңалықтары