Түркістан облысында 80 жастағы қарияның ауласынан 62 келі көкнар табылды

Түркістан облысында 80 жастағы қарияның ауласынан 62 келі көкнар табылды

Түркістан облысында 80 жастағы қарияның ауласынан 62 келі көкнар табылды
ашық дереккөзі
1232
Түркістан облысының полицейлері 80 жастағы қарияның ауласынан 62 келіге жуық егілген «көкнәр» өсімдігін тапты, деп хабарлайды Polisia.kz. Шардара аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын ауласында есірткі өсіреді деген хабарлама келіп түседі. Мұны тексеру мақсатында КПБ-нің қызметкерлері жедел әрекет еткен.​ Нәтижесінде 80 жастағы қарттың үйінің ауласынан күтіп-баптап, өсірілген есірткіге ұқсас хош иісті 5,5 мыңға жуық түп табылды. Айғақты зат ретінде тәркіленіп алынған өсімдік 50 қап болды. Одан бөлек, ауладағы тапшан үстінен мата қалташаға салынған, өзіне тән хош иісі бар айғақты заттар алынды. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабымен (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.​​​​​​​​​​ Бірқатар сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес аталмыш төрт соттық жерге егілген өсімдіктер, салмағы 62 келі жуық «Ұйықтататын көкнәр» болып шықты. Ал, тапшан үстінен алынған заттың жалпы салмағы 45 грамм «кептірілген көкнәр сабаны» екені анықталды.​​​​​​​​ Күдікті қария өзінің қылмысын толық мойындап, өсімдіктерді жеке басына пайдалану үшін еккендігін айтты. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті 80 жастағы тұрғын бұрын осы тектес қылмысты жасап, үш жылға сотты болған. ​​​​​​​​​​​​​  

Серіктес жаңалықтары