Бауыржан Байбек: Нұротандықтар Мақтааралға 920 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді

Бауыржан Байбек: Нұротандықтар Мақтааралға 920 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді

Бауыржан Байбек: Нұротандықтар Мақтааралға 920 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді
ашық дереккөзі
208
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Мақтаарал ауданына арнайы барып, жүргізіліп жатқан қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында хабарлады.  "Көршілес Өзбекстандағы су бөгетінің жарылуы салдарынан су астында қалған Достық, Жеңіс, Фирдоуси, Жаңатұрмыс және Өргебас ауылдарының тұрғындарымен кездестім. Төтенше жағдайдың кесірінен мыңнан астам үй бұзылып, 8 мың гектар егіс алқабын су басқан. «Апат айтып келмейді» дейді халқымыз. Мақтарал жұртының басына түскен қиындық елге ортақ. Ең бастысы, бас аман болсын", - деп жазды Бауыржан Байбек.  width= Партия Төрағасының бірінші орынбасары төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға мемлекет тарапынан барлық қолдау көрсететінін жеткізді. "Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткендей, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар толықтай қайта жөндеуден өткен немесе жаңа салынған үйлермен қамтамасыз етіледі. Су басқан аймақтағы әрбір адам республика бюджетінен 100 мың теңгеден ақша алады. Әлеуметтік нысандарды, инженерлік желілер мен жолдарды қалпына келтіруге 14 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінді.Мемлекет басшысының үндеуіне қолдау білдірген қазақстандық кәсіпкерлер де 5 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. Бұл ортақ іске «Nur Otan» партиясы да қызу атсалысуда. Нұротандықтар Мақтааралдағы халыққа қазірдің өзінде 920 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді, оның ішінде азық-түлік, гигиеналық құралдар, киім-кешек, төсек-орын мен құрылыс жабдықтары бар", - дейді Б.Байбек. Сондай-ақ, мақтааралдықтарға Елбасының бастамасы бойынша Тұңғыш Президент Қоры мен «Nur Otan» партиясы құрған «Birgemiz» қоры да қосымша көмек көрсетпек.  Қордың Қамқоршылық кеңесі Мырзакент елді мекеніне 20 үй тұрғызу үшін 340 млн. теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Осылайша Достық ауылы тұрғындарының баспана мәселесі толықтай шешілетін болады. Облыс әкімі Ө.Шөкеевпен бірге бөлінген жерді қарап, тұрғындармен және құрылысшылармен кездестім. Бұл жерде саман үйлердің орнына газоблоктан 100 шаршы метрді құрайтын 4 бөлмелі үйлер салынады. Жұмыс сапасы авторлық және техникалық бақылау саласындағы мамандардың қатысуымен, ерекше партиялық бақылауда болады. Сонымен бірге, сапар барысында Бауыржан Байбек жедел штаб отырысын өткізді. Мұнда бірқатар өзекті мәселелерді, оның ішінде инфрақұрылымдарды сапалы түрде қалпына келтіру, ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне қолдау көрсету және тағы басқа жәйттер талқыланды. Бұдан бөлек, Партия Төрағасының бірінші орынбасары Атакент ауылында волонтерлармен кездесті. Өткен жылы 700-ден астам жасотандық бірнеше ай бойы Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына белсене атсалысқан болатын. Бүгін де «Nur Otan» партиясы жастар қанатының мүшелері мен белсенділері мақтааралдықтарға көмектесіп жатыр.  width= "Волонтерлік – Батыста пайда болған қозғалыс және бізге ешқандай қатысы жоқ деген пікірді естіп жүрміз. Бірақ бұл бізге жат емес. Асар дәстүрі қазақтың қанында бар. Осы игі дәстүрді біздің жастарымыз жақсы жалғастырып отыр. Бұл жастарға осындай қиын кезеңде елмен бірге болып, өз еріктерімен жанкешті еңбек етіп жүргендері үшін алғыс айттым. Олар өздерінің нақты істерімен отаншылдықтың, ұйымшылдық пен адамгершіліктің үлгісін көрсетіп жүр. Міне, дәл осындай жауапкершілігі мол жаңа буынның өкілдері алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауларында «Nur Otan» партиясының тізімінде болуы керек. Еліміздің болашағы – осындай жастар!", - деп жазды Бауыржан Байбек.  width= https://www.youtube.com/watch?v=E0reHA2gcpk&feature=youtu.be

Серіктес жаңалықтары