Германия шекараларын ашуға қамданып жатыр

Германия шекараларын ашуға қамданып жатыр

Германия шекараларын ашуға қамданып жатыр
ашық дереккөзі
224
Германия маусым айында барлық елмен шекарасын ашпақ. Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Хорст Зеехофер мәлімдеді. 16 мамырдан бастап мемлекет Франция, Швейцария және Австрия арадағы шекарада кедендік бақылауды біршама жеңілдетпек. Еске сала кетейік, Германия індеттің өршуіне байланысты наурыздың ортасынан бастап көрші елдермен арадағы шекарада бақылауды күшейткен. Содан бері кеден бекеттерінен тек коммерциялық көліктердің өтуіне рұқсат беріліп келді. «Біздің мақсат – маусымның ортасынан бастап тұрғындарға Еуропа аумағында еркін саяхаттауға мүмкіндік беру. Алайда ол үшін ауру жұқтыру деректерінің көрсеткіші қазіргідей төмен болуы қажет. Мәселен, бұрын ел аумағында науқас саны  күн сайын мыңдап тіркелген болса, қазір олардың қатары айтарлықтай азайған», - дейді Германияның ішкі істер министрі Хорст Зеехофер. Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі бойынша Германияда індет жұқтырудың 174 098 дерегі тіркелген. Науқастардың 146 мыңнан астамы емделіп шықты. 7 861 адам көз жұмды. Айта кетейік, Қазақстанда 5571 адамнан коронавирус анықталды. Соңғы тәулікте індетке шалдығудың 154 дерегі тіркелді. 2408 отандасымыз дертінен айықты, 32 науқас қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары