505
18 мамырдан бастап мешіттер ашылады
18 мамырдан бастап мешіттер ашылады
18 мамырдан бастап діни құлшылық жасау нысандары жұмысқа кіріседі.
Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мәлім етілді.
«Биыл 18 мамырдан бастап жалпы ғимарат көлемінің 30 пайызын ғана толтыра отырып санитарлық нормаларды сақтаумен діни құлшылық жасау нысандары жұмысқа кіріседі», – делінген хабарламада.