319
Қазақстан халқы Ассамблеясы Мақтааралға 180 тонна гуманитарлық көмек жолдады
Қазақстан халқы Ассамблеясы Мақтааралға 180 тонна гуманитарлық көмек жолдады
Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 16 жүк көлігімен 180 тонна гуманитарлық көмек жіберді.
Ал кеше Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп, 8 жүк көлігіне тиелген 98 тонна азық-түлік, құрылыс материалдары, киім-кешек және басқа тұрмыстық заттар жөнелтілген болатын.
ҚХА Төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев Мақтааралдағы төтенше жағдайға байланысты гуманитарлық көмек көрсету акциясы аясында этномәдени бірлестіктерден түскен қаржы көлемі 23 млн 325 мың теңгені құрағанын жеткізді.
Алматыда 98 тонна күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар мен химиялық заттар, азық-түлік және басқа керек-жарақ жиналса, Жамбыл облысы Қордай ауданы 5 млн 500 мың теңгеге азық-түлік жөнелткен. Гуманитарлық көмек тиелген көліктердің жалпы саны – 20 жүк көлігін құрайды. Олардың ішінде Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығы, Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Алматы ұйғыр этномәдени бірлестігі, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды түрлі этнос өкілдері бар. Мұнымен бірге Кентау қаласы Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығынан көмек келіп жетті.