20227
Блокпостта тұрған екі полицейді студент жүргізуші қағып кеткен
Блокпостта тұрған екі полицейді студент жүргізуші қағып кеткен
Түркістан облысындағы блокпостта тұрған екі полицейді бір студент қағып кетті. Салдарынан түрлі дене жарақатын алған екі тәртіп сақшысы ауруханаға түскен.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 10 мамыр күні Шымкент қаласына кіре берістегі блокпостта орын алған.
«Ақтас» блок-бекетінде «ВАЗ-21014» автокөлігінің жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларды қағып кеткен. Көлікті тізгіндеген студент жігіт ұсталды. Ол Қазығұрт ауданының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалып, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда», – делінген хабарламада.
Ал, ауруханаға түскен екі полицейдің жағдайын дәрігерлер қанағаттанарлық деп отыр. Қазіргі таңда оларға медициналық көмек көрсетіліп, ауруханадан шығарылған.