Сындарлы саясат салған із

Сындарлы саясат салған із

Сындарлы саясат салған із
ашық дереккөзі
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде өмір сүрудегі 30 жылға жуық уақыт аралығы  –  республиканың саяси спектріне сандық жағынан да, сапалық жағынан да айтарлықтай өзгерістер әкелді. Қажетті экономикалық өзгерістерден кейін Қазақстандағы саяси модернизация қоғамдық бүкіл саяси жүйесін реформалаудан басталды. Мемлекетпен қатар саяси партиялар саяси жүйенің негізгі институттарының бірі болып танылды. Осы орайда партиялық құрылым және ішкі элиталық қатынастар да нығая түсті. Халықаралық тәжірибелерді назардан тыс қалдырмайтын «Нұр отан» партиясы Қазақстандағы дамудың қазіргі кезеңінде тың партиялық  жүйені таныстыра алды. Және ол  қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да зор  рөл атқара білді. Соның нәтижесінде мемлекетте  көбінесе халықтың қажеттіліктерімен қатар, қоғамның дайындығына да негізделген қадамдар жасау қолға алынды. Партиялық жүйе бір орында түрмайды, үнемі даму үстінде. Ол қоғамның сыртқы және ішкі қажеттіліктерін көрсетеді. Партия әрқашан заман талабына сай, болашаққа байыпты бағдарлама жасай отырып, қоғамдағы және әлемдегі зәруліктерге жіті қарап келеді. Партияның бүгінгі күні де алдымызға қойып отырған маңызды міндеті – әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарысқа байланысты елімізде барлық шараларды жүзеге асыру мақсатына қоғамды жұмылдыру. Ішкіэлиталық топтар  Елбасы бағыты бойынша  дағдарысты ұйымшылдықпен бірлікте ғана бірге жеңуге дайын екендігін көрсетеді. Әсел Жақсыбай