Ойын-сауық орталықтары мен мейрамханалар қашан ашылатыны белгілі болды

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов ойын-сауық орталықтары мен мейрамханалар жұмысы қашан жанданатынын айтты. 

«Бұл кезеңде ойын-сауық орталықтарының, мейрамханалар мен қонақ үйлердің жұмысы іске қосылмайтынын мәлімдеймін. Бұл мәселе сәл кейінірек өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып қарастырылады», – деді Е. Тоғжанов.

Вице-премьердің айтуынша, елде коронавирус жұқтырғандар үлесі 2 пайызға дейін азайған жағдайда ғана ойын-сауық орталықтары ашылады.

Еске сала кетейік, бүгін Президенттің қатысуымен ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

Отырыста мәлімдеме жасаған Мемлекет басшысы карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button