Президент елімізде карантиндік шектеулер қашан алынатынын айтты

Президент елімізде карантиндік шектеулер қашан алынатынын айтты

Президент елімізде карантиндік шектеулер қашан алынатынын айтты
ашық дереккөзі
Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтты, деп хабарлады Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. «Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады», – деді Мемлекет басшысы.