436
Президент тапсырмасы: Елімізде «5-10-20» бағдарламасы іске қосылады
Президент тапсырмасы: Елімізде «5-10-20» бағдарламасы іске қосылады
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия отырысында тұрғын үй мәселесін шешу үшін «5-10-20» бағдарламасын іске қосуды тапсырды.
«Экономиканың өсімі мен жұмыспен қамтудың және әлеуметтік қолдаудың қуатты стимулы – қолжетімді тұрғын үй құрылысы болуы керек. Елбасы бастаған «7-20-25» бағдарламасы тұрғын үй құрылысы бойынша ипотекалық несиелеуге үлкен серпін берді. Кезекте тұрған адамдарды несиелік тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жаңа «5-10-20» бағдарламасын іске қосуды тапсырамын», - деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл бағытта 390 млрд теңге бөлінбек.
«Биыл елде рекордық деңгейдегі – 15 млн шаршы метр немесе 150 мың үй мен пәтер салынады. Азаматтарымыздың тұрғын үй жағдайын жақсарту жұмысын жалғастыру керек. Бұл – Үкіметтің стратегиялық бағыттарының бірі», - деді Президент.