Ұлыбританияда коронавирус жұқтырған "нөлінші" науқас анықталды

Ұлыбританияда коронавирус жұқтырған "нөлінші" науқас анықталды

Ұлыбританияда коронавирус жұқтырған "нөлінші" науқас анықталды
ашық дереккөзі
362
Брэдфорд Корольдік ауруханасының эпидемиологы Джон Райт BBC-дің Орыс қызметі сайтындағы өз блогында Ұлыбританияда коронавирус жұқтырудың «нөлінші» жағдайы қаңтарда – елде індеттің пайда болуы ресми түрде расталғаннан екі ай бұрын тіркелуі мүмкін екенін айтты. Дәрігердің айтуынша, оған Брэдфорд тұрғыны, екі хорда ән айтатын Джейн Холл жүгінген. Әйел қаңтар айында өзі қызмет ететін екі ұжымда да COVID-19-дың симптомдарына ұқсас белгілермен ауыратын адамдар болғанын айтқан.  Алғашқы болып желтоқсанда Ухань қаласына іссапарға барып келген ер адам ауырған. Одан кейін хордың өзге мүшелері сырқаттаныпты. Джейн Холлдың айтуынша, оның қызуы қатты көтеріліп, тамағы «сынған әйнек жұтып қойғандай» ауырған.  Сондай-ақ, әлсіздік, иіс сезу қабілетінің жойылуы сияқты белгілер болған көрінеді.  Дәл осындай симптомдар музыкалық ұжымдардың өзге мүшелерінде де байқалыпты. Алайда ол кезде коронавирус туралы мардымды дерек болмағандықтан, олардың ешбірі қатерлі вирус жұқтырдым деп ойламаған. Эпидемиологтың айтуынша, хор мүшелері мүлдем басқа вирустық инфекцияға шалдығуы да мүмкін. Коронавируспен ауырып қойған  науқастарды анықтайтын тест жасалғанда Холл мен оның әріптестері қандай кеселмен ауырғанын білуге болады дейді дәрігер. Соңғы дерек бойынша, Ұлыбританияда 215 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған. Науқастардың 31 мыңнан астамы көз жұмған. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 5076-ға жетті. Індеттен 31 отандасымыз қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары