261
Карантин аяқталған соң елорда автобустарында жаңа тарифтер енгізіледі
Карантин аяқталған соң елорда автобустарында жаңа тарифтер енгізіледі
Нұр-Сұлтанда карантин режимі аяқталғаннан кейін қоғамдық көлікте жолақы төлеудің жаңа тарифі іске қосылмақ.Бұл туралы «City Transportation Systems» компаниясы хабарлады.
Компаниядағылар қоғамдық көлік жұмысының жандануы бойынша шешімді ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдайтынын мәлімдеді.
Бағдарлардың қозғалысы қалпына келтірілгеннен кейін жолаушыларға жаңа қосымша тарифтер қолжетімді болады:
- 18 жасқа дейінгі балалар көлік картасы бар болған жағдайда автобустарда тегін жүреді.
- Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген және тұратын жеңілдігі бар көлік картасының пайдаланушылары қалалық, экспресс және қала маңындағы бағдарларда тегін қатынайды.
- «Аймақ» жеңілдігі бар көлік картасын пайдаланатын азаматтар тек қала маңына қатынайтын бағдарларда жүре алады.