363
"Импичмент кезінде қайда болды?": Дональд Трамп Джордж Бушқа шүйлікті
"Импичмент кезінде қайда болды?": Дональд Трамп Джордж Бушқа шүйлікті
АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш саятсаткерлерді партиялық кикілжіңдерді тоқтатып, коронавирусқа қарсы күресте күш біріктіруге шақырды. Буштың бұл мәлімдемесін Дональд Трамп Twitter-дегі парақшасында сынға алып, экс-президент оған импичмент процесі кезінде қолдау білдірмегенін атап өтті.
Twitter-де жарияланған видеоүндеуінде Джордж Буш алғаш рет коронавирусқа қатысты пікір білдірді. Өз мәлімдемесінде ол америкалықтарды бірлікке шақырып, физикалық алшақтық эмоционалдық алшақтыққа әкеліп соқпайтынына үміттенетінін жеткізді.
Сондай-ақ, бұрынғы президент ортақ жаумен күресетін уақыт туғанда партияаралық күресті тоқтату керегін атап өтті. Буштың бұл мәлімдемесіне шамданған Дональд Трамп оның ел басқару мәселелеріне араласу мүмкіндігін жіберіп алғанын айтты. Өйткені қазіргі президентті тақтан тайдыру әрекеті жүріп жатқанда экс-президент жақ ашпаған.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың 44-президенті Барак Обама Трамптың коронавируспен күресуін «хаостық апат» деп атаған болатын. Оның пікірінше, қазіргі президент қабылдаған шешімдер халықтың емес, жеке басының мүддесін көксейді.