Ақмола облысында бір отбасының 3 мүшесінен коронавирус анықталды

Ақмола облысында бір отбасының 3 мүшесінен коронавирус анықталды

Ақмола облысында бір отбасының 3 мүшесінен коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
183
Целиноград ауданында бір отбасының үш мүшесінен коронавирус анықталды. Олар — 1977 жылғы ер адам, 1980 жылғы әйел адам және 2017 жылы туған ұл бала. Бұл туралы Жедел штабтың телеграм каналында хабарланды.  Бұл азаматтардың барлығы бір отбасының мүшелері және Қоянды кентінде COVID-19 зертханалық түрде анықталған адаммен жақын байланыста болған. Бұған дейін Жаңаесіл ауылындағы Агротехникалық колледж базасындағы карантиндік стационарға оқшауландырылған. Қазір Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылған. Целиноград аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары санитарлық-эпидемиологиялық тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес, вирустың одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.  

Серіктес жаңалықтары