Түркіменстан басшысы су астында қалған Өзбекстанға көмектеспек

Түркіменстан басшысы су астында қалған Өзбекстанға көмектеспек

Түркіменстан басшысы су астында қалған Өзбекстанға көмектеспек
ашық дереккөзі
Жойқын дауылдан бірнеше аймағы қатты зардап шеккен Түркіменстан елінің басшысы Өзбекстанның су басқан аймақтарына көмектесетінін мәлімдеді. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов 6 мамырда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефонмен сөйлескен. "Президент Гурбангұлы Бердымұхамедов көрші елдің су басқан аймақтарына көмектескісі келетінін айтты", - деп хабарлады Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат құралдары. Ресми мәліметте президенттердің телефонмен әңгімелесуі өзбек тарапының бастамасымен болғаны айтылған, бірақ Өзбекстан президентінің түркімен басшысының ұсынысын қабыл алғаны немесе кері қайтарғаны белгісіз. Айта кетерлігі, 27 сәуірде болған жойқын дауыл Түркіменстанның бірнеше аймағындағы үйлерді қиратып кеткен. Табиғат апатынан бірнеше адам қаза тапқаны анықталды. Түркіменстан билігі дауыл туралы мәлімет бермеген, тұрғындарға апат салдары туралы айтуға тыйым салынған.