Мақтаарал тұрғындарына 1400-ден астам ерікті көмекке келді

Өткен тәулікте Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендерден 1,5 млн текше метр, жалпы 4,5 млн текше метр су сорып алынды, деп хабарлайды  Төтенше жағдай комитетінің баспасөз қызметі. 

Аумағы 21 шақырым болатын уақытша дамба орнатылды, 86 қап, суды ағызып жіберу үшін 3 коллектор қойылды.

Түркістан облыстық ТЖД мен Шымкент қаласы ТЖК Медициналық апат орталығының психологтары Мақтаарал ауданы Фердауси және Жеңіс ауылының тұрғындарымен әңгімелесті. Зардап шеккендерге арттерапия әдісін пайдаланып жедел психологиялық көмек көрсетілді.

2005091021549541g

Жедел желіге ақпарат алу мақсатында 150-ден астам қоңырау түскен. Жаңатұрмыс, Фердоуси, Өргебас, Жантақсай ауылдарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 4 блокпост қойылды.

2005091021405586g

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының ТЖК, медициналық апат орталығы, полиция департаменті, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, 1412 адам шамасында волонтерлер мен 255 техника, 17 жүзу құралы, 130 мотопомпа тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

200509105429642e

Төтенше жағдай зардаптарын жою үшін Өзбекстаннан 205 құтқарушы, 38 техника мен 85 мотопомпа тартылған.

 

Back to top button