COVID-19: Әлемде індет жұқтырғандар саны 4 миллионнан асып жығылды

COVID-19: Әлемде індет жұқтырғандар саны 4 миллионнан асып жығылды

COVID-19: Әлемде індет жұқтырғандар саны 4 миллионнан асып жығылды
ашық дереккөзі
229
Әлемде коронавирус індетіне шалдыққандар саны 4 012 841 адамға жетті.  Вирус жұқтырғандардың 1 млн 385 мыңы індеттен жазылып кетсе, 276 216 адам көз жұмды. АҚШ-та соңғы тәулікте 29162 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны  1321785 адамды құрады. Испанияда коронавирусқа шалдығудың 3262 жаңа дерегі тіркелген. Эпидемия басталғалы бұл елде 260 117 адамнан вирус анықталды. Италияда өткен тәулікте індет жұқтырудың 1327 жаңа жағдайы тіркеліп, коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 217 185 болды. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны жөнінен төртінші орында тұрған Ұлыбританияда барлығы 211364 науқас тіркелген. Солтүстіктегі көршіміз Ресей әлем бойынша бесінші орында тұр. Онда індет жұқтырудың 10699 жаңа дерегі тіркеліп, коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 187 859 адамға жетті.  Айта кетейік, Қазақстанда 4834 адамнан қатерлі вирус анықталды. 1631 адам дертінен айықты. 31 науқас көз жұмды.  

Серіктес жаңалықтары