Алматы тауында адасып кеткен 2 адам құтқарылды

Алматы тауында адасып кеткен 2 адам құтқарылды

Алматы тауында адасып кеткен 2 адам құтқарылды
ашық дереккөзі
Іле-Алатау аймағындағы мемлекеттік ұлттық саябақта әпкесі мен інісі адасып кеткен, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. 7 мамыр күні інісі мен әпкесі танымал туристік маршрут бойынша тауға шыққан. Олар Көкжайлау арқылы Құмбел шыңына шығып, кейін Горельник шатқалының арасымен Медеу арқылы үйге оралуды жоспарлаған. "Алайда, әпкесі мен інісі кеш батқанға дейін төмен түсіп үлгермеген. Олар шаршап, тонып қалған. Горельник ауданында жолдан адасып, өз беттерінше жол табуға тырысқан. Олардың бұл әрекеттері еш нәтиже бермей, сөйтіп көмек сұраған. Суықтан қыздың аяғы тартылып, жүре алмай қалған", – делінген хабарламада. Олар ҚР ІІМ ТЖК республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші - диспечерлік бөлімшесіне геолокациялық хабарлама жіберген. Оқиға орнына РЖҚЖ жедел тобы иісшіл ит ертіп аттанды. Түнгі уақытқа қарамастан құтқарушылар зардап шеккендерді тауып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.