Түркістан облысындағы су басқан ауылдарда 21 шақырымдық дамбылар тұрғызылды

Түркістанда су басқан Нұрлыжол, Ырысты, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас және Жантақсай ауылдарынан 1 млн м3 су сорылды. Бұл турады Төтенше жағдайлар комитеті хабарлайды.

Ауылдарда жалпы ұзындығы 21 шақырымдық уақытша дамбылар тұрғызылды. Сондай-ақ, 85 мың қап төселіп, суды ағызу үшін 3 коллектор орнатылды. Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы, Апаттар медицина орталығы, Полиция бөлімі, Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен активтерінен құралған 1574 адам, 280 техника, 15 жүзу құралдары, 160 мотосорғыш тәулік бойы жұмысын жалғастыруда.

Жұмыстарға ұйымдар мен еріктілер де тартылды. 37 қызметкерден және 34 техникадан, жүзу құралдарынан, мотосорғыларынан тұратын Нұр-Сұлтан қаласының және Қарағанды облысының төтенше жағдайларының қосымша күштері мен құралдары жіберілді.

Су басқан 5 елді мекен аумағында халықтың жеке заттарын, құжаттары мен мүлкін эвакуациялау, үй жануарларын құтқару және патрульдеу жұмыстары жалғасуда. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Жантақсай ауылдарында 4 блокпост қойылды.

 

Back to top button