Әлемде 3,9 млн адам коронавирус жұқтырған

Әлемде 3,9 млн адам коронавирус жұқтырған

Әлемде 3,9 млн адам коронавирус жұқтырған
ашық дереккөзі
Дүниежүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 3 917 532 адамға жетті. Індеттен 270 720 адам көз жұмды. Науқастардың 1 344 120-сы емделіп шықты. Індетке шалдыққандар саны жөнінен АҚШ көшбасшылығын сақтап тұр. Бұл елде 1 292 623 адамнан коронавирус анықталған. Соңғы тәулікте вирус жұқтырудың 30 мыңға жуық жаңа дерегі тіркелді. Екінші орында – Испания. Онда 256 855 адам қатерлі вирус жұқтырған. Өткен тәулікте коронавирусқа шалдығудың 3173 жаңа жағдайы анықталды. Үшінші орында – Италия. Бұл мемлекетте 215858 адамнан індетке шалдыққан. Бір күн ішінде вирус жұқтырудың 1401 жаңа дерегі тіркеліп отыр. 206 715 тұрғыны коронавирус жұқтырған Германия төртінші орында тұр. Бұл мемлекетте өткен тәулікте 5614 адамнан індет анықталды. Бесінші орында – Ресей. Онда 177 160 адам коронавирусқа шалдыққан. Бір күнде 11 231 науқас тіркелген. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4690-ға жетті. Індеттен 31 адам көз жұмды.  Бұған дейін Павлодар облысының тұрғыны қайтыс болғанын хабарлағанбыз.