Франция дәрігерлері коронавирус жұқтырғандарды қашықтан емдеп жатыр

Франция дәрігерлері коронавирус жұқтырғандарды қашықтан емдеп жатыр

Франция дәрігерлері коронавирус жұқтырғандарды қашықтан емдеп жатыр
ашық дереккөзі
230
Францияда 1,5 миллион адам коронавирусқа шалдығуы мүмкін. Ел тұрғындары арасында әлеуметтік зерттеу жүргізген Терапевт-дәрігерлер кәсіподағы осындай мәлімдеме жасады.  Бүгінде Францияда коронавирус жұқтырғандар саны 138 мыңнан асып жығылса да, ел ауруханаларында олардың 100 мыңға жуығы ғана ем-дом алған.  Жергілікті денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға коронавирус белгілері байқалса үйде қалып, дәрігерлермен телефон немесе бейнебайланыс арқылы хабарласуға кеңес беруде. Министрліктің үндеуіне сүйенсек, ауруханаға тек ғаламторға кіруге мүмкіндігі жоқ азаматтар баруы қажет. Ел билігі арнайы қаулы шығарып, дәрігерлердің бейнебайланыс арқылы кеңес беруін ақысыз еткен.  Сондықтан жеңіл және орташа түрде ауырғандар дәрігерлердің нұсқауымен үйде емделуде. Ауруханаға тыныс алуы қиындаған науқастар ғана жеткізіледі. Айта кетейік, соңғы тәулікте Францияда індет жұқтырудың 629 жаңа дерегі тіркеліп, коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 138 мыңнан асты. Сондай-ақ, бір күн ішінде індеттен 178 адам көз жұмған. Елде қатерлі вирус құрбандарының жалпы саны 25 897-ге жетті.

Серіктес жаңалықтары