Украинада карантин 22 мамырда аяқталады

Украинада карантин 22 мамырда аяқталады

Украинада карантин 22 мамырда аяқталады
ашық дереккөзі
230
Украина үкіметі карантинді 22 мамырға дейін созды.  Укринформ-ның хабарлауынша, министрлер кабинеті 4 мамырда шыққан №343 қаулының мәтінін жариялады. Онда шектеу шаралары 22 мамырға дейін созылатыны айтылған. Десе де, ел үкіметі мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдарының жұмысына қажетті шараларды өткізуге, жаттығу жасауға (жүгіру, жаяу жүру, велосипед тебу, мәнерлеп сырғанау, мүгедек арбасында отырған спортшылардың қозғалысы), ұлттық құрама команда спортшыларының оқу-жаттығуына рұқсат беріп отыр. Алайда әр адам маска, респиратор секілді қорғаныс құралдарын киіп, тиісті санитарлық және эпидемияға қарсы шараларды сақтауы тиіс. Сондай-ақ үкімет халыққа сауда және тұрмыстық қызмет көрсетуге, тиісті қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы музейлердің жұмыс істеуіне болады. Бұдан бөлек, нотариус, адвокат, аудиторлар мен психологтардың қызметіне, стоматологиялық көмек көрсетуге  рұқсат берілді. Украина үкіметінің қаулысы бойынша ірі сауда және ойын-сауық орталықтары әзірге ашылмайды. Соңғы дерек бойынша, елде коронавирус жұқтырғандар саны 13 мыңнан асты. Індеттен 340 адам көз жұмды, 2396 адам емделіп шықты. Айта кетейік, Қазақстанда 4578 адамнан қатерлі вирус анықталды. 1518 науқас емделіп шықты, 30 адам қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары