Ресейлік дәрігерлер пациенттерден СOVID-19 жоқтығын растайтын анықтама талап етуде

Ресейлік дәрігерлер пациенттерден СOVID-19 жоқтығын растайтын анықтама талап етуде

Ресейлік дәрігерлер пациенттерден СOVID-19 жоқтығын растайтын анықтама талап етуде
ашық дереккөзі
338
Ресейлік дәрігерлер пациенттерді қабылдау үшін олардан коронавирус жұқтырмағаны туралы анықтама талап ете бастады.  Бұл туралы Бүкілресейлік пациенттер одағының Міндетті медициналық сақтандыру қорына жолданған хатында айтылған. Хат мәтініне сүйенсек, одақтың сенім телефонына дәрігерлердің қабылдауына кіре алмаған, тиісті медициналық қызметтерді пайдалана алмаған көптеген азаматтардан шағым түскен. Әсіресе, үнемі мамандардың бақылауында болуы қажет созылмалы аурулары бар науқастардың медициналық көмек алуы қиындаған. Одақ дерегінше, кейбір аймақтарда пациенттерге коронавирусқа тестті ақылы түрде тапсыру ұсынылған. Дәрігерлер мұны азаматтардың тәуекел тобына жатпайтындығымен және тұмау белгілерінің жоқтығымен түсіндірген. Соңғы дерек бойынша, Ресейдің 85 өңірінде індет жұқтырудың 177 160 дерегі тіркелген. Өткен тәулікте қатерлі вирус 11 мыңнан астам адамнан анықталған. Сондай-ақ, бір күн ішінде 88 адамның көз жұмғаны хабарланды. Осылайша елде коронавирус құрбандарының жалпы саны 1625-ке жетті. Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейдің мәдениет министрінен коронавирус анықталғанын хабарлағанбыз.

Серіктес жаңалықтары