222
COVID-19: ДДСҰ Белоруссияда індеттің өршуіне алаңдаулы
COVID-19: ДДСҰ Белоруссияда індеттің өршуіне алаңдаулы
Белоруссияда коронавирус жұқтыру деректерінің өсу қарқыны алаңдатарлық. Бұл туралы ДДСҰ-ның республикадағы өкілі Батыр Бердыклычев мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Соңғы уақытта елде күн сайын коронавирус жұқтырудың 700-900 жаңа дерегі тіркелуде. Мәселен, соңғы тәулікте Белоруссияда 905 адамнан індет анықталған. Осылайша қатерлі вирус жұқтырғандардың жалпы саны 19 255 адамға жетіп отыр. Ал індет құрбандарының саны – 112.
«Індет жұқтырғандар санының өсу қарқыны бізді алаңдатады. Өйткені мұның салдарынан денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктеме артып, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін», - дейді Бердыклычев.
Еске сала кетейік, ДДСҰ 11 наурызда коронавирустың жаңа түрінің әлемге жайылуын пандемия деп атады. Соңғы дерек бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 3 825 150 адамға жетті. Індеттен 265 118 науқас көз жұмды.
Ал Қазақстанда 4509 адам коронавирус жұқтырған. Індетке шалдыққан 1450 адам емделіп шықты. 30 адам қайтыс болды.