Төтенше жағдай кезінде ауызашар берген қызылордалық жазаланды

Төтенше жағдай кезінде ауызашар берген қызылордалық жазаланды

Төтенше жағдай кезінде ауызашар берген қызылордалық жазаланды
ашық дереккөзі
257
Қызылорда полицейлері төтенше жағдай кезінде ауызашар ұйымдастырған тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Polisia.kz. Бүгінде қоғамдық тәртіп пен адамдардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған шараларға қарамастан төтенше жағдай режимін бұзу әрекеттерге барып жатқан тұрғындар саны азаяр емес. 26 сәуірде деструктивті діни ағымының мүшесі болып табылатын Қызылорда қаласының тұрғыны өзінің үйінде “ауызашар” ұйымдастырып, қаланың әр түкпірінде тұратын бес деструктивті діни ағымының мүшелерін шақырған. Кешкі астан кейін кездесуді олар моншада шомылумен жалғастырған. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес (төтенше жағдай режимiн бұзу) жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған  құжаттар сотқа жолданып, сот шешімімен тәртіп бұзушыларға 10 АЕК (27780тг) мөлшерінде айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары