Соғыс және құндылық

Екінші дүниежүзілік соғыстың кешегі коммунистік Кеңес Одағы мен нацистік Германия текетіресіне  қатысты бөлігі Ұлы Отан соғысы деп аталғаны белгілі. Сол соғыстың жеңіспен аяқталғанына биыл 75 жыл толады.

Соғыс өрті тікелей өз жерін шар­пы­мағанымен, қазақ халқы екі дүние­жүзілік соғыстан да сырт қалмаған. Өйт­кені жаһандық айқастардың алғашқысында Ресей империясының, екіншісінде кеңестік империяның құрамында еді. Сондықтан да сол кездердегі соғысқан империялардың екеуі­нің де қорғаныс шараларына мал-жа­нымен атсалысқан. Алғашқысының соғыс мұқ­таждықтары үшін қазақ елі қора-қора ұсақ тұяқ, үйір-үйір жылқысын, қорғаныс құ­рылыстарын салуға мыңдаған жігітін берді. Екіншісіне де, бұл дәуірде «одақ құру­шы тәуелсіз социалистік мемлекет» сана­тын­дағы кеңестік қазақ республикасы атан­ған еліміз тап сондай сала-сала үлесін Отан қорғау ісіне артығымен қоса отырып, жы­лы орнынан соғыс өрті қуған жұртқа жо­март көңілмен құшағын ашты, күллі жер-суын майданның еңбек тылына ай­налдырды.

Бүгіндері екінші жаһандық соғысқа республикадан 1 миллион 200 мың­дай адам қатысқаны, елге оның жартысы ғана аман оралғаны айтылады. Яғни Отан қорғауға жіберілгендердің 600 мыңдайы опат болған. Көрнекті демограф Мақаш Тә­ті­мовтің зерттеулерінен мәлім, 1931–1933 жылдары өткен соңғы сұрапыл ашар­шылық апатынан селдіреп тірі қалған қа­зақ­тың соғыс алдындағы мөлшері екі жа­рым миллиондай ғана еді. Майдан да­ла­ларына солардың жарты миллионға жуығы аттаныпты, яғни шамамен барлық әскерге алынған қазақстандықтың 39-40 пайыз­дайы. Осындай мөлшерде Отан қорғауға алын­ған қазақтардың үштен екісінен аста­мы соғыс құрбаны болды. Бұл барлық қа­зақ­­стандықтың соғыстағы жалпы шы­ғынының тең жартысы. Басқыншылармен шайқастарда қаза тапқан сол боздақтардың жалпы қазақ санына шаққандағы пайыз­дық мөлшері өзге халық өкілдерінің тап сондай шығындық көрсеткіштерімен са­лыс­тырғанда, майдан далаларында пайыз­дық үлес жағынан ең көп қан төккен бело­рус­тардан кейінгі екінші орынды алады екен.

Тарихи еңбектерден, әдебиеттен, соғыс кезіндегі майдан жазбала­ры­нан, әскери публицистикадан баршаға мә­лім, қазақтар ерлікпен шайқасты. Мың­да­ған жауынгер ұл-қыздарымыз түрлі ор­ден-медальдармен марапатталды, жүзден астамына батыр атағы берілді. Қаза тапқан боздақтардың жерленген орындары анықталып, ескерткіш қойылды, есімдері ардақталып келеді. Соғыстың ұмыт қалған деректері әлі де табылып, ашылуда. Кейбір бұрмаланған ащы шындықтары, жасырыл­ған ақиқаттары айқындалуда. Дұшпанның тұтқиылдан басқыншылық шабуыл жасауы, Кеңес жауынгерлерінің әскери дайындық­сыз соғысқа қатыстырылуы, нашар қару­лануы, тағы басқа толып жатқан жағдай сал­дары­нан басқыншының жойқын соқ­қысына ә дегенде төтеп беру мүмкін бол­ма­ды. Соғыс­тың алғашқы айында миллионнан астам Кеңес жауынгерінің тұтқынға түскені, екі-үш айдың ішінде бұл көрсеткіш­тің 3,8 миллиондай болғаны бүгінде көп­шілікке мәлім. Зерттеушілер неміс қолына түскен соғыс тұтқындары санының 5,7 миллионға дейін жеткенін айтады. Бас қолбасшының оларды «біз үшін тұтқын емес, Отанын сат­қандар» деп жариялағаны, әйгілі қол­басының да солдат қауіпсіздігін ойлап бас қатыра қоймағаны белгілі. Шайқасқа кірген бөлімшелер соңынан бөгет-жасақтар қойып отырған. Олар шабуылға шыққан­дар­ды кері шегінген жағдайда өздері-ақ қырып салудан тайын­баған. Қоршауда қалғандардың соңғы оғы қалғанша атысып жатқанына куә бола тұра, алдағы жоспары үшін оларға көмек жібер­меген деректер де орын алған. Не керек, жауынгерлерінің күші артық дұшпаннан көз алдында қаза табуына қиналмаған. Атақ­ты әскербасы «солдаттарды аямау керек, қатындар тағы туып береді» деп айт­қан тұжырым-жұбату көпшілікке Кеңес за­манындағы атышулы фильмнен жетті…

Турасын айтқанда, Кеңес өкіметі соғыста тұтқынға түскен мың-сан аза­маттарынан үзілді-кесілді бас тартты. Со­ғыс тұтқындарының құқықтарын, белгі­ле­ген халықаралық конвенцияларды мойын­дамады. Осылай басты құндылық-
ты – жауынгер өмірін, адам өмірін мей­лінше сақтауға, қорғауға тырысуды Кеңестік әскери жүйе ойына да алмаған еді. Сондықтан да соғысуды ұйымдастырудағы орашолақтықтары салдарынан дұшпан тұтқынға түсіргендердің бәрін сатқын деп есептеп, фашистік лагерьлердегі мил­лиондаған аш-жалаңаш, ауру-сырқау сол­даттарына қандай да бір гуманитарлық, санитарлық жәрдем беру желілерін пайдалануға бармады. Сонда оларға көмек қолын созған саяси эмигрант Мұстафа Шоқай болды. Ол 1941 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін концентрациялық ла­герьлерді аралап, тұтқындардың жағ­дайын зерттеген, түркістандықтарға да, өзге ұлт өкілдеріне де мүмкіндігінше түрлі жәрдем берген. Бұл мәселені қарастыруға көрнекті зерттеуші-ғалым Көшім Есмағамбетов (1938–2016) ерекше көңіл бөлді. (Ол Мұс­тафа Шоқайдың өмірі мен қызметіне терең зерттеу жүргізген, он екі томға жинақтап, шығармаларының толық жинағын шығар­ған тарихшы). Арнайы кітап дайындады, бірақ жариялап үлгермеді. Бұл жұмысты шәкірттері (ғылым докторлары Аққали Ахмет, Ғарифолла Әнес) аяқтап, 2019 жылы «Арыс» баспасынан оның «Түркістандық әскери тұтқындар. Туркестанские воен­нопленные» атты құжаттар мен ма­териал­дар жинағын бастырды. Міне, осы жинақ­тан Мұстафаның Польша жеріндегі концла­герьлерге барғаны, Кеңес армиясына Түр­кістан (Орта Азия мен Дала өлкесі) аума­ғынан алынып, Қызыл армияның мил­лиондаған солдаты қатарында соғыстың алғашқы айларында-ақ тұтқынға түскен қазақ, өзбек, түрікмен, қырғыз, тәжік жауынгерлердің жағдайымен танысқаны, көп материал жинағаны жайындағы маңыз­ды деректермен танысуға болады. Ол лагерьлер бойынша түркістандық соғыс тұтқындарының тізімін жасап, онда олардың ұлтын, туған жылын, армияға шақырылған уақытын, білімін, мамандығын көрсеткен. Кітапта бұлардың бірқатарының қолмен жазған түпнұсқасының ксерокө­шірмесі де келтірілген. Тұтқындар ашық аспан астындағы лагерьлерде (оларды өте төмен көріп, кемсіту өз алдына, адамшы­лықпен тамақтандыру да ойластырылмай) іс жүзінде аштан-аш қамалып жатқан. Тек бір ғана Дебис концлагерінде Кеңес солдат­тарының ауру мен аштықтан шыбынша қырылғандары сондай, 40 мың түркістан­дықтың 1941 жылғы қазанда (Мұстафа келген кезде) 25 мыңдайы ғана тірі болған екен. К.Есмағамбетовтің зерттеулеріне қарағанда, екі-үш айдың ішінде ол қыруар жұмыс атқарды, жүздеген түркістандық тұтқындардың жағдайын жақсартуға көмектесті. Тұтқын Қарес Қанатбайдың естелігінен мәлім, Мұстафа Шоқай Сувалки лагерінде жерлестері алдында толқып сөйлеген сөзінде: «Сендердің әрқайсыңды біздің болашақ Отанымыз Түркістанның құрылысына қажет мамандық алу үшін түрлі арнайы жұмыстарға орналастыру – менің ең қажетті, ең кезек күттірмейтін маңызды шаруам болады», – деген еді. Ол уәдесінде тұруға тырысты. 1941 жылдың 9 қарашасында 80 түркістандық түрлі мамандықтар алу үшін Люкенвальд қала­сына жіберілді. Мұстафа Польша аумағын­дағы оккупациялық режим жетекшілерінің бірі штурмбанфюрер Пауль Отто Гейбель комиссиясына 471 адамның тізімін маман­дықтары бойынша түрлі жұмыстарға орналастыру үшін 1941 жылғы 10 қарашада тапсырды. Зерттеуі барысында К.Есмағам­бетов оның Лемберг, Ярослау, Дебица-Кочановка, Деба-Майдан, Офлаг-325 лагерьлерінен 1 592 тұтқынды мамандық­тары бойынша бөлек-бөлек тізім жасап, жұмысқа орналастыруға ұсынғанын анық­таған. Мұстафа Шоқай лагерьлердің әрқай­сысындағы білімді тұтқындарды жеке есепке алған екен. «Жиырма шақты адам на­сихатшылар тобын құрайды, – деп қо­рытты бұл орайдағы зерттеуін К.Есма­ғамбетов. – Олар 1942 жылдан бастап қа­зақ, өзбек және басқа да ортаазиялық халықтардың тарихы мен мәдениеті жө­нінде материалдарды жариялаумен айналысқан «Милли Туркестан», «Туркестан адабиети» деген журналдар шығарды. Қысқаша айтқанда, М.Шоқай тұтқындарды бейбіт мамандықтарға ғана ұсынады, ол бірде-бір адамды әскерге ұсынған жоқ. Түркістан легионына тұтқындарды іріктеу 1942 жылы басталады, ол кезде Мұстафа Шоқай тірілер қатарында болмайтын». Мұстафаның бірқатар лагерьден жасаған тізімдері мұрағаттағы қағаздары арасында сақталмаған болып шықты. Ол өкінішке қарай, лагерьлерді аралағанда жинаған материалдарын өзінің сүзек ауруына шалдығуына байланысты толық қорыта алмады, жүзеге асырмақ жоспарын аяқтап үлгермеді (1941 жылғы 27 желтоқсанда Берлинде ауруханада қайтыс болды).

Соғыс тұтқындарын Түркістан ле­гионына алу 1942 жылдан бастап ерікті сипат берілген мәжбүрлеу жолымен жүзеге асырылды. Бұл ретте зерттеуші К.Ес­мағамбетов 1978 жылы Түркияның Измир қаласында кездескенінде легионда болған Атабек есімді қазақтан естігенін еске түсіреді: «22 жасыңда өліп кету оңай ма?! Тұт­қындарды қатарластыра тұрғызып қойып, бас тартқандарды көзімізше атып тастап жатты немістер», – деген еді ол. Шы­нында да, түркістандық соғыс тұтқындары легионерлер қатарына лагерь азабынан құтылу үшін, тірі қалу үшін барды, яғни легион атты әскери құрылымға өз еріктері­мен кірген жоқ. Олар Кеңес армиясына қар­сы шайқастарға қатыспаған да. Бер­линдегі бір ғимараттың екі қабатына орналасқан «Түркістан» және «Еділ-Орал» («Идель-Урал») ұлттық комитеттерінің қызметкерлері неміс әскери басшылығы пұрсат берген ауқымда Түркістан және Еділ-Орал легиондарында «өз халқының ұлтшылдық сезімін өрістетумен» шұғылдана жүріп, әр қаладағы бөлімдерді, лагерьлерді аралағанда, комитет ішінен құпия жағдайда құрылған Қарсылық ұйымдарының антифашистік пікірлерін таратты. Еділ-Орал комитетіндегі қазақ­стандық (Петропавлда туған) татар жігіті Ғайнан Құрмашев басқарған жасырын ұйымға кірген татар ақыны Муса Мус­тафович Залилов (Джалилов Мұса Жәлил) өзіне тапсырылған мәдени-ағарту бағытын­дағы міндеттері бойынша лагерьлерді ара­лап, белсенді түрде астыртын үгіт жүр­гізді. Түркістан комитетіндегі жасырын ұйымды қазақ ақыны Мәжит Айтбаев басқарған. Мәжит Қызылорда облысының тумасы еді. Қазақ педагогика институтын бітіріп, 1937-1939 жылдары Қызылорда педагогика инс­титутында оқытушы, студенттер даярлау курсының бастығы, Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облысы бойынша өкілі қызметтерін атқарған. Өлең, әңгі­мелері мерзімдік баспасөздерде, жи­нақтарда жарияланып тұрған. Көркем ау­дармамен айналысқан. 1939 жылы әскери қызметке шақырылып, батыс шекарада қызмет етті. Германдықтардың тұтқиылдан жасаған жойқын шабуылы барысында тұтқынға түсті. 1918 жылы большевизмнің қарулы күшімен құлатылған Түркістан автономиясының премьер-министрі, жиырма жылдан бері бөтен жерде азаттық үшін күрес жүргізіп келе жатқан эмигрант, өздерін концлагерьдегі өлімші тіршіліктен құтқарған Мұстафа Шоқайды бұл да бар­лық легионерлер секілді ұлы адам, ұлт кө­семі санады. Түркістан ұлттық комитетінің әдеби-іліми бөлімінде қызмет етіп, шығар­машылықпен және астыртын саяси жұмыс­тармен шұғылданды. Легионерлердің орайы келген сәтте Кеңес әскері жағына өтіп кетуге әрекеттенуіне осындай жігіт­тердің құпия насихаттарының әсер еткені күмәнсіз…

Түркістан комитетінің соғыс кезін­дегі Үшінші рейх астанасынан шы­ғып тұрған баспасөзін жүргізушілер неміс команда беру тапсырмасын өз ұғымымен кеңейтіп, газет-журналдар мен кітаптары­ның беттерінде қазақ тарихы мен мәде­ниеті жайынан көп жазды. К.Есмағам­бетов­тің зерттеуіне қарағанда, қазақтың ұлттық мүддесіне жауап беретін туындыларды «Мил­ли әдебиет» журналының редакторы Қо­бызшы Қорқыт (Мәжит Айтбаев), «Мил­ли Түркістан» журналының редакторы Ғали Алтай (Хакім Тыныбеков), «Янги Түркістан» газетінің қызметкері Сайран (Хамза Абдуллин) және Үсен Қошалақов, Саттар Әлмәмбетов, Мәулікеш Қайбалдин (Асан Қайғы), Ғайпен Бейісов (Б.Ғайып) секілді ақын, жазушы, журналистер, басқа да өнер­паздар беріп жатты. «Қобызшы Қор­қыт» деген әдеби лақап аты болған Мә­жит Айт­баев Абылай хан туралы дастан (бүгінде Абылай ханның баршаға мәлім портреті тұңғыш рет сол дастанмен бірге дұшпан астанасында жария болған деседі), Абай өлең­дерінің құрылысы мен көркемдік ерекшеліктері жайлы зерттеу жазды. 1943 жылы Берлинде дастандары, бір топ өлеңі, Гете мен Шиллер туындыларынан жасаған аудармалары топтастырылған «Абылай хан» деген жинағы жеке кітап болып басылып шықты. «Милли әдебиеттің» 1944 жылғы бір саны түгелдей оның отыз жыл­дығына арналды. Шерлі ақын шығарма­ларын­да Қорқыт болып күңіреніп, алыста қалған елін сағынды, туған жерге тәуел­сіздік туын тігуді армандады. Сағыны­шын сарнаумен сездіріп, тәуелсіздік жолында қан төгуді қасиет деп білді. Ақын Хамза Абдул­лин туған жерге деген сағынышты жыр­лар жазды, Шота Руставелидің «Жолбарыс тонды жиһанкез» дастанын қа­зақшаға аударды. Хакім Тыныбековті қазақ тілінің тағдыры толғандырды. Легионер-өнерпаздар күшімен Австрия астанасы Вена қаласында 1944 жылғы 10 мамыр күні ірі мәдени шара жасалды. Вена опера және балет театрында Қази Қазыбековтің «Ұлы адамның арманы» атты екі актілі пьесасы ойналды. Бұл бір аса маңызды оқиға болған-тын. Қазақтың атақты ұлт батыры Сырым Датұлы бастаған азаттық күресін арқау еткен спектакльді сахнаға Мәжит Жақсылықов қойыпты. Музыкасын Вена консерваториясында оқитын Ғалым Әбсәләмов пен Түркістан легионында көр­кемөнерпаздар үйірмесіне жетекшілік етіп жүрген скрипкашы Әйтікеш Толғанбаев жазған екен. Сырым батыр рөлін әнші Мұхамбетқали Батыргереев ойнаған көрі­неді. Түркістан легионының фототілшісі ретінде спектакльді Венаға арнайы барып көрген Ғайпен Бейісов сахнаға бір жас қыздың көзі көрмейтін қарияны жетектеп шыққанын, қарттың: «Мұнар да мұнар, мұнар күн, Сәулесіз меңіреу қара түн. Қара түнді қақ жарып, Қазақтан шығар енді кім?!.» – деп күңіренген сәтін есінде ерекше сақтағанын жазыпты. Соғыс тұтқындары­ның жат елде еңсе түсірмей, елінің азат­тығын армандауы, болашағына сенуі те­бірентерлік құбылыс еді. Б.Ғайып (Ғайпен Бейісов) сол кезеңде жарық көрген «Жауын­гердің күнделік дәптері» деген кітабында: «Ері өлсе, елі жоқтайды, елі жоқ ерді кім жоқтайды?» деп жазған екен. Туған жерінен жырақтағы соғысқа алынып, дұшпан қолы­на, тағдыр тәлкегіне түскен жігіттердің жал­пы көңіл күйін білдіретін, көкіректерін қарс айыра күрсіндіретін қайғылы тұжы­рым. Осы сөздерді Сайран (Хамза Абдул­лин) өзінің «Жолтай» деген поэмасына эпиграф етіп алыпты…

Сол қорқынышты соғыс аяқталғалы да 75 жыл болыпты. Соғысқа үлкен империяның бір бөлшегі ретінде қатысқан республикамыз тәуелсіз ел атанғалы отыз жыл­ға айналып барады. Майдангер қазақ­тың ажал құшар алдында тірі қалған жол­дасы арқылы егер ұлы сұраса, «Түр­кістан­ның жолында майданда шейіт болды де», «елі үшін өлді дегейсің» деп еліне жол­даған ама­натына терең мән беріп қарауға, елі­міздің басты құндылығын айқын ажыра­тып, әділ бағалай білуге жеткілікті уақыт. Татар ақыны Мұса Жә­лилдің Еділ-Орал ле­гио­нындағы астыртын қызметі әшкереленіп, «Құрмашев және басқа он адам» ісі бойынша 3-ші рейхтің Екінші Им­пе­риялық соты шешіміне сәй­кес 1944 жы­лы гильо­тина қолдану тәсілімен басы кесілсе де, жауынгер серіктері өлеңдері жа­зыл­ған қолжазбаларын соғыстан кейін елге жеткізгеннен соң, қаза тапқаннан кейінгі мәңгілік екінші өмірі басталған-ды: әскери және әдеби қызметтері лайықты бағаланып, 1956 жылы Кеңес Одағының Батыры, 1957 жылы Лениндік сыйлықтың лауреаты атақтары берілген. Ал Түркістан легионерлерінің басты міндеттерін ұғындыру жолында күрескен азаматтардың ешқайсысы елінде құрметтеле қоймады. Мәжит Айтбаев 1945 жылы одақтастар бомбасынан қаза тапты, елге оралған басқалары түрлі мерзімге сотталып кете барды. Дегенмен Түркістан легионында болғандарға 1947 жылы үкім Қазақстанның Кеңес империясының отары жағдайында шығарылғанын есте ұстау керегіне назар аударғымыз келеді. Ал тәуелсіздіктің алғаш­қы жылдарында сол кезгі парламент қабыр­ғасында дүниеге келген заң да, Кеңес им­периясының отары ахуалынан құтылып, тәуелсіз аталған елдің Бас прокуратурасы қайта қарағандағы қорытынды да қазақ елінің мүддесін түбегейлі көздейтіндей әділ шықпағанына қазіргі отыз жыл тәуелсіз даму биігінен қалтқысыз көз жеткізуге болады. Яғни олар қайта қаралуы тиіс.

Жалпы, мына жайтқа да жіті назар аударғанымыз жөн: Кеңес өкіметі ұлт мүддесіне қиғаш қарайды деп есепте­гендіктен, саналы ғұмырын эмиграцияда өткізіп, шетелде дүние салған мұсылман қозғалысының атақты қайраткерлері Мәмед-Әмин Расулзаде мен Ахмет-Зәки Уәлиди Тоған бүгінде ресми түрде әзер­бай­жан және башқұрт халықтарының ұлттық батырлары деп мойындалғаны әлемге мәшһүр. Тап сондай ресми мойындауға ешқашан Кеңес мемлекеті құзырында болмаған, шетелдегі жиырма жыл ғұмыры бой­ғы күресінде кеңестік жаңа империя құр­сауындағы халықтардың азаттығын көксеген саяси эмигрант, 2-ші жаһандық соғыстың аса ауыр шағында әскери тұтқындарға көмек қолын созып, сол жолға жанын пида еткен ұлы ұлттық қайраткер Мұстафа Шоқай да күні бүгінге дейін мұқтаж. Күні бүгінге дейін ресми мойындау, лайықты құрмет көрсетілмегендіктен де, пиғылы таза емес түрлі тоғышарлар тара­пынан «Шоқаев немістерге, бөтен елдердің барлау қызметтеріне қызмет еткен сатқын» делінетін, мәселенің байыбына бармайтын жалалы ғайбат сөздер айтылып жүр. Мұн­дай­ларға үзілді-кесілді тосқауыл қоюдың жолы – оған жоғары дәрежеде саяси баға беру, алыс елде тыншу тапқан сүйегін туған еліне қаралы-салтанатты түрде алып келіп, өз топырағы қойнауына беру. Бұл – Екінші дүниежүзілік сұрапыл соғыс аяқталғалы бері оны ардақтайтын азаматтар күн тәртібінен түсірмей айтып келе жатқан мәселе. Бірнеше ұрпақ мойнындағы қарыз, енді соны бұдан әрі де соза бермей, тездетіп орындау – бүгінгі буынның парызы…

 

Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ,

 жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты

Редакция таңдауы

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Оның...

Қаржы пирамидасынан қашанғы опық жейміз?

2020 жылы елімізде қаржы пирамидаларының саны күрт өсіп, қа­тарына адам қосу арқылы жүретін «бизнестен» келген залал он есе артқан.  Елімізде ең алғашқы қаржы пирамидасы...

Дәурен ҚУАТ: Жер сатылмайды, бірақ оны тиімді пайдаланудың тетігін жасау керек

Дәурен ҚУАТ, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Жер комиссиясының мүшесі – Дәурен мырза, Жер комис­сия­сы­ның мүшесі екеніңізді білеміз. Осы комиссия құрамына өзіңізді ша­қырғанда ойыңызға не келді? –...

Мінсіздік теориясы немесе жақсылардан жаттық іздеу надандығы хақында

Неге екенін кім білсін, қазақ жылқы се­кілді «тістеп сүйеді» деген сөздің жаны бар. Бұл ретте де «Қазақтың өлісінің жаманы жоқ, тірісінің өсектен аманы жоқ»...
Аманғали БЕРДАЛИН

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі...
Қаржы пирамидасы

Қаржы пирамидасынан қашанғы опық жейміз?

2020 жылы елімізде қаржы пирамидаларының саны күрт өсіп, қа­тарына адам қосу арқылы...
Дәурен Қуат

Дәурен ҚУАТ: Жер сатылмайды, бірақ оны тиімді пайдаланудың тетігін жасау керек

Дәурен ҚУАТ, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Жер комиссиясының мүшесі – Дәурен мырза, Жер...

Жаңалықтар

Целиноград ауданында су тарифі төмендетілді

ҚР "Табиғи монополиялар туралы" Заңына сәйкес "Целиноград Су Арнасы" ШЖҚ МКК-ы Жаңа жол, Приречный, Шұбар, Жайнақ, Қызылсуат (Қызылсуат 1 және Қызылсуат 2), Қаратомар, Талапкер...

Африкада аң аулап жүрген қазақтардың видеосы елдің ашуына тиді (видео)

Әлеуметтік желіде "Қазақтар Африкада да аң аулап жүр" деген тақырыпта видео тарады. Видеода екі қазақ азамат және басқа да шетелдік аңшылар жираф атып алғаны...

Әлемдік паспорт индексі бойынша Қазақстан қай деңгейде?

«The Henley Passport Index» әлемдік мемлекет азаматтарының төлқұжат рейтингін жариялады. Онда Қазақстан 69 орында тұр. Азаматтардың жүріп-тұру еркіндігіне негізделген елдер классификатор болып табылатын атаулы компания...

Африкада аштық пен ауру қаупі төніп тұр

Африкада 100 миллионнан астам адам азыққа зәру. Бұл туралы Түркияның ТРТ арнасы мәлімдеді. Мәліметке сәйкес, Африкада 100 миллионнан астам адам «апат деңгейінде» азық тапшылығына ұшырап...

Балқаш қаласы маңында ұшақ құлады

Балқаш қаласының авиациялық оқу орталығында СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада 2021 жылғы 16 сәуірде сағат...

Елордада 600 мың тұрғын вакцина алса, вирусты жұқтыру қаупі болмайды

Қазір бізде 49 мың адам бірінші компонентпен вакцинацияланды. Осылайша 50 мың адам 1 мамырға дейін иммундалған болады, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми...

Шымкенте дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған сәбиді аман алып қалды

Шымкент қаласында дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған үш айлық сәбидің жанын сақтап қалды,-деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Тыныс алу жолдарына әлдене тұрып қалған сәби ауруханаға жеткізілген. Сәбиді...

Партия бағдарламасының сапалы орындалуын жастар да бақылай алады

Павлодарда «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының 12 бағыты бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. 16 сәуірде өткен «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы Саяси...

Елімізден екі айдың ішінде 3,4 мың адам біржола көшіп кеткен

2021 жылғы қаңтар-ақпанның қорытындысы бойынша елімізге 1398 адам келіп, 3422 адам біржола көшіп кеткен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы көші-қон қызметі органдарына сілтеме жасап...

Мархабат Байғұт: Елге қызмет етсем дейтін азаматтар қатарға қосылды

– Өте-мөте өркениетті, аса алпауыт саналатын Америка Құрама Штаттарында баяғы замандарда саяси партиялар бірталай болған көрінеді. Осы жағдайды онша жақтырмаған жалғыз жазушы Марк Твен:...

Қоғамдық кеңестер бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуын қадағаламақ

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен облыстық партия филиалының Саяси кеңесінің Бюро отырысы өтті. Отырыс барысында «Nur Otan»...

«Nur Otan» партиясы жанындағы Жас депутаттар корпусын Елнұр Бейсенбаев басқарады

«Nur Otan» партиясында Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың 600 жас депутатынан тұратын Корпус құрылды. Нұротандық жас депутаттар жастарды қолдау және заң шығару процесінде олардың...

Елімізде екі әуежай уақытша жабылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі әуежайларды дамыту және жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. Кеңесте Шымкент, Орал, Өскемен, Үржар және Үшарал қалаларындағы...

Оңдасын Оразалин: Қоғамдық кеңесте жастарға басымдық берілуі тиіс

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысында Өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. Отырыс барысында...

Ұстаз бақыты – шыңдаған шәкірті

Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі – ұстаз. «Ұстаз» ұғымы ұлтымыз үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие...

Алматыдағы көпқабатты үйдің тұрғындары Қайрат Нұртастың үстінен шағым түсірді

Әнші Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды. Бұл жолы әнші Алматыдағы тұрғын үй кешенінің паркингінде бөтен орындарды иеленген, - деп хабарлайды zakon.kz. Zakon.kz сайтының редакциясына...

86 жастағы Қарағанды тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина алды

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінің тұрғыны Қанат Жұмашұлы өз өңірінде алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы екпе алған. Ақсақал өзін және жақындарын індеттен...

Қарағандыда қоғамдық кеңестердің құрамы бекітілді

"Nur Otan" партиясының Қарағанды облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысында сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ететін өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. Онлайн-режимде...

Мешіт терезесін сындырып, садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көкдөнен ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта...

80 жастағы зейнеткерді полицейлер екі рет ажалдан арашалап қалды (видео)

Түркістан қаласының 80 жастағы тұрғыны учаскелік полиция инспекторларына екі рет құтқарылған өмірі үшін алғыс білдірді. Бұл туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды. Райхан Құрбанбаева Түркістанда тұрады....

Жантүршігерлік қылмыстың құрбаны Аяжан Еділова Талдықорғанда жерленді

Алматыда болған жантүршігерлік қылмыстың құрбаны Аяжан Еділованы Талдықорған қаласында жерледі. Қазақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл ақпаратты марқұмның бауыры Алмат Мүліков растады. «Бүгін, 16 сәуірде Талдықорғанда жерленді», -...

Даниал Ахметов: Кеңестердің жұмысы азаматтардың өтініштеріне негізделеді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындалуын қадағалайтын 12 өңірлік қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді. Партия Лидерінің алға қойған міндеттерін ескере отырып, ең...

Кадыр түнінде мешітке жиналуға рұқсат па? – Бас мүфти жауап берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Қадір түні мешіттерге жиналуға бола ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның...

Жаңаөзендік әйел 16 жастағы ұлын миы шайқалғанша ұрып-соққан

Жаңаөзен қаласында анасы баласын миы шайқалғанша ұрып-соққан. Енді ол ата-ана құқығынан айырылыуы мүмкін. Бұл туралы "Лада" басылымы хабарлады.  Басылымның дерегінше, оқиғаның мән-жайын қалалық аурухана дәрігері...

Қазақстанда -12 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» 17-19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы 2-3 күнде Қазақстанда -12 градусқа дейін аяз болады. Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінен атмосфералық ауа ағынының әсерінен...

Жамбыл облысында сайлауалды бағдарламалардың орындалуын 10 қоғамдық кеңес бақылауға алады

Жамбыл облысындағы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасының орындалуын жаңадан құрылған 10 қоғамдық кеңес бақылайтын болады. Бұл туралы облыс әкімі, «Nur Otan» ...

Америкалықтар асырап алған қазақ баласы Қазақстаннан туған ата-анасын іздеуде

Ной Сак Маршалл Қазақстанда туған, екі жасында оны америкалықтар асырап алған. «Менің атым – Ной (туғанда Каримов Сұлтан Үмітұлы деген аты-жөні болған). Мен 1999 жылғы...

Атырау қаласының тұрғынынан бір тоннаға жуық бекіре тәркіленді

Атыраулық полицейлер арнайы операция барысында бір тоннаға жуық бекіре балығын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz. Атырау облысы ПД 15 сәуірде "Бекіре-2021" арнайы операциясының нәтижесінде Атырау...

Түркістан: 12 қоғамдық кеңес сайлауалды бағдарламаны жүргізуге белсенді қатысады

Түркістанда «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Мәжіліске Түркістан облысының әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев төрағалық етті. Күн...

Түркістан музыкалық драма театрының директоры тағайындалды

Түркістан қаласы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" басшысының бұйрығымен Түркістан музыкалық драма театрының директоры қызметіне Көпбасарова Айнұр Сайлаубайқызы тағайындалды. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің...

CureVac вакцинасы жасөспірімдер арқылы сынақтан өтеді

СureVac неміс вакцинасы жасөспірімдер арқылы сынақтан өтпек,-деп хабарлайды Хабар 24. Клиникалық сынаққа 12-17 жас аралығындағы 40-қа жуық Перу мен Панамалық жасөспірім қатысады. Бұған дейін неміс...

Әсел Қалиева: «Мыстан» сериалына түскеннен кейін ешкіммен сөйлескім келмей қалды

Өткен жексенбі 11 сәуір күні «Мыстан» веб-сериалының соңғы кадрлары түсірілді. Бұл Salem social media мен ARTDealers компаниясының бірінші ортақ жұмысы. Түсірілім жұмыстарының басқа жұмыстарға...

Белгілі журналист «Cамұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс жөніндегі директоры болып тағайындалды

«Самұрық-Қазына»  ұлттық әл-ауқат қорының қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі директоры болып Марат Мұхамедсалиев тағайындалды. БАҚ және PR саласында 1996 жылдан бастап жұмыс істейді. Әр...

Жол бойында төбелес шығарған жүргізушілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Елордадағы жол бойында болған төбелес үшін жүргізушілер жазаланды, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті. Мониторинг барысында Бөгенбай батыр даңғылы бойында «Газель» және «Мерседес» маркалы...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа төрағасы тағайындалды

Президент Жарлығымен Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды. Марат Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге...

Отандық кинематографтар шетелдіктермен бірлескен 3 фильм түсіріп жатыр

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәліметінше, шетелдік және халықаралық кинокомпаниялар біздің еліміздің кино нарығына қызығушылық танытуда. Қазақстандық кинематографтар шетелдік әріптестерімен бірлескен 3 жобаны қолға...

Алик Шпекбаев қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз...

Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшысы қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі...

Басты мақсат – партияның Сайлауалды бағдарламасын сапалы іске асыру

Облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы А.Баталовтың төрағалығымен облыстық Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Күнтәртібіндегі бірқатар сұрақ бойынша Бюро мүшелерінің дауыс беруімен құжаттар,...

«NurOtan»: партиялық бастамаларды жүзеге асыру үшін 9 кеңес құрылды

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев білім мен ғылымды дамыту жөніндегі өңірлік кеңесті басқарды. Кеңес құрамындағы 5 нұротандық – осы саланың...

Ақын Есенғали Раушанов дүниеден өтті

Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов дүниеден өтті. Қайғылы хабарды ақын Ақберен Елгезек Facebook желісіндегі парақшасында жеткізді. Ол 1957 жылы 5...

Өткен тәулікте 2700-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 601 Алматы қаласы - 673 Шымкент қаласы -...

Қазақстандық боксшы қыз Франция чемпионын нокдаунға түсірді

Қазақстандық Айшагүл Елеубаева Польшаның Кельц қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Айшагүл өзінің француз қарсыласын төрт рет нокдаунға түсірді,...

Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне студенттер оқ атқан

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Щучинск қаласында жедел жәрдем автокөлігінің терезесін зақымдағандарды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде 17 жастағы күдікті мен оқиғаның екі куәгері...

16 сәуір: ел тарихындағы маңызды оқиғалар күнтізбесі

1918 жылы 16 сәуірде Орынборда қазақ тілінде «Қазақ мұңы» газетінің алғашқы саны шығарылды. Газет Әліби Жангелдиннің бастамасымен құрылған. «Қазақ мұңы» большевиктер саясатын насихаттап, Алаш...

Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтінім қабылдау басталды

«Ұлттық тестілеу орталығының» мәліметінше, өтінім қабылдау app.testcenter.kz сайтында 15 сәуір сағат 17.00-де басталды және бос орындар аяқталғанға дейін жалғасады. Тіркелу кезінде ҰБТ тапсыратын күнді, уақытын...

Қазгидромет бүгінге арналған ауа райы болжамын ұсынды

16 сәуірде республиканың басым бөлігінің ауа райына антициклон жотасының ықпалы сақталады. Осыған орай жауын-шашынсыз күн райы болжанады. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша, республиканың тек оңтүстік...

“Грэммиі” мен “Приорасы” бар: Иманбектің желідегі суреті жұртты сүйсіндірді

Instagram желісіндегі @nursultan.city парақшасында “Грэмми” сыйлығын иеленген Иманбек Зейкеновтің көлігін жөндеп жатқан суреті жарияланды.  “Грэммиі” бар адамның “Приорасы бар”. Бір уақытта. Мұндай жағдайды бола бермейді....

ШҚО-да балалар үйінің бұрынғы басшысы 63 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Шығыс Қазақстан облысындағы балалар үйінің директоры мен есепшісі жемқорлық бойынша күдікке ілінді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл мәселе алғаш рет 2019 жылдың қаңтарында, балалар үйінің 160 қызметкері...

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Оның...

Қаржы пирамидасынан қашанғы опық жейміз?

2020 жылы елімізде қаржы пирамидаларының саны күрт өсіп, қа­тарына адам қосу арқылы жүретін «бизнестен» келген залал он есе артқан.  Елімізде ең алғашқы қаржы пирамидасы...

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Станислав Канкуровтың Алматы қаласы мәслихатының хатшысы лауазымына сайлануына байланысты «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының қызметіне жаңа кандидатура қаралды. Партияның Алматы қалалық филиалының...

Дәурен ҚУАТ: Жер сатылмайды, бірақ оны тиімді пайдаланудың тетігін жасау керек

Дәурен ҚУАТ, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Жер комиссиясының мүшесі – Дәурен мырза, Жер комис­сия­сы­ның мүшесі екеніңізді білеміз. Осы комиссия құрамына өзіңізді ша­қырғанда ойыңызға не келді? –...

Мінсіздік теориясы немесе жақсылардан жаттық іздеу надандығы хақында

Неге екенін кім білсін, қазақ жылқы се­кілді «тістеп сүйеді» деген сөздің жаны бар. Бұл ретте де «Қазақтың өлісінің жаманы жоқ, тірісінің өсектен аманы жоқ»...

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында ерекше көпір салынады

Алматы әкімдігінің 2022 жылға дейінгі даму жоспарындағы Әл-Фараби даңғылындағы ерекше көпір һәм таңғажайып саябақтың нобайы таныстырылды. Жаяу жүргіншілер көпірі жасыл желекті қалыптастыратын қаладағы жаңа символға...

500 ғалым мемлекет есебінен шетелде тағылымдамадан өтеді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, – деп хабарлады Ақорда. Биылдан бастап Мемлекет басшысының...

Air Astana Алматы-Батуми бағытында жаңа рейс ашады

15 мамырдан бастап аптасына 3 рет, дүй­сенбі, сәрсенбі және сенбі күндері Алма­ты­дан Батумиге тұрақты рейс қатынайды. Рейстер Airbus A320 лайнерлерімен жүзеге асырыла­ды. Дүйсенбі мен сәрсенбіде KC...

Түркістанда тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне 30 миллион ағаш отырғызылады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен өңірде 30 млн. ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз...

Алимент төлемеген борышкер баласына пәтерін берді

Елордада алимент төлемеген борышкер баласына пәтерін жазып берді, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы. «2020 жылғы 19 наурызда А. есімді...

Атажұртқа алғаш көш бастаған қандастар

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар, шетелдегі қандастардың атажұртқа бастаған көшіне де 30 жыл толды. Осынау тарихи сәтке мұрындық болып, үлкен игі іс атқарған...

Батыс Африка балаларына білім беріп жүрген Лаура

Туған жылы: 1981 Туған жері: Жамбыл об­лы­сы Жамбыл ауданы Жасөр­кен ауылы Білімі: Жамбыл техника­лық-гу­манитарлық университеті Қызметі: Ломедегі британдық мек­теп (Батыс Африка, Того мемлекеті) Қазіргі таңда қазақстандық мұғалімдер штаб-пәтері...

Елтаңбаны қоқысқа тастаған кім – Прокуратура тексеріп жатыр

Павлодар облысындағы ауылдардың біріндегі қоқыс үйіндісінде Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы табылды. Құзырлы органдар мемлекеттік символ қалай қоқыста қалғанын анықтауда. Tengrinews.kz сайтының жазуынша, Instagram желісінде жарияланған...

Қазақстанда киік санағы басталды

Қазақстанда киіктердің санын анықтау үшін тікұшақпен әуеден санау басталды. «14 сәуірде ҚБСҚ қызметкерлері ұшу алдындағы дайындықты өткізді: есептеушілерге арналған тренинг жүргізілді, маркерлерді орнату және есеп...

Вакцина алған адамға коронавирус неліктен жұғады – ДСМ жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті вакцинациядан кейін 16 қазақстандықтың коронавирус жұқтыру жағдайын түсіндірді. Комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев елімізде қолданылатын коронавирусқа қарсы вакцинаның құрамында...

Хан Кененің қазасы

Өткен жылдың соңын­да әлеуметтік желі­де қырғыз жазушысы За­мирбек Осоров пен «Бей­бітшілік үшін күрес» қоғам­дық қорының мүшесі Вале­рий Яковлевтің қа­зақтың ханы Кенесарыға Бішкектің төрінде ескерткіш...

Тауардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды – Сенатта заң жобасы қабылданды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында «Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде талаптар белгіленбеген өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі айналысының тәртібі және мұндай...

Сөздік құрастыруға қазақстандық ғалымдар көмектеседі

Газетіміздің 2021 жылғы 18 ақпандағы (№07) санында Оңтүстік Кореяның Хангук шет тілдері университетінің түлегі әрі қызметкері Цой Ён Сонның (қазақша есімі – Нұрай) «Қазақ-кәріс...

Білім сайысы мәресіне жетті

2021 жылы сәуір айының алғашқы күндері күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайынғы дәстүрге айналған «Халықаралық Фараби оқулары» атты халықаралық ғылыми іс-шара өтті....

Елімізде ғылыммен айналысуға кедергі жоқ

Қоғамда «Жастар ғылым саласына қызықпайды» деген таптаурын көз­қарас қалыптасқан. Оған себеп те жоқ емес. Ғылымның болашағына деген күмән, ғылыми институттардың материалдық-техникалық базасы­ның әл­сіздігі, жалақының...

Вакцина салдырған 16 адам коронавирус жұқтырды – ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті СOVID-19 инфекциясына қарсы вакцина салдырған 16 қазақстандық коронавирус жұқтырғанын айтты.  «Қазіргі уақытта вакцинациядан кейін (бірінші және екінші кезең) коронавирус...

Карантин құрсауы кәсіпкерлікке ауыр соққы болды

Елімізде коронавирус қайта өршіді. Республика аума­ғында вирустың мутацияланған түрі анықталғалы бері індет жұқ­тыр­ғандардың тәуліктік өсімі күннен-күнге ар­тып келеді.  «Қызыл» аймаққа енген өңірлерде шектеу шара­­­лары...

Ерке Есмахан: Ораза ұстамауымның жақсы бір себебі бар

Әнші Ерке Есмахан өз тыңдармандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, ораза тұтқан жамағатқа тілегін айтты. Әншінің өзі биыл ораза ұстамаған екен. Айтуынша, оның жақсы...

АҚШ-та метеорит құлады

АҚШ-тың Флорида штатындағы Уэст-Палм-Бич қаласына метеорит құлады. Американың American Meteor Society метеор қоғамының операциялық менеджері Майк Хэнки оның Жер атмосферасына кіргеннен кейін жалындаған болид...

Сәкен Майғазиев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Танымал әнші, «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының міндетін атқарушысы Сәкен Майғазиев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Әнші Шымкенттегі Медикер орталығында «Спутник V» екпесін...

Кемелдік келбеті

Саясатты мемлекет басқар­ған тұлғалар жасайтыны бел­гілі. Сондай-ақ, саясат жайын­­да аса ауқымды талдаулармен ел бо­ла­шағы үшін істелген іс­тердің мән-ма­ғы­насын жан-жақ­ты түсіндіріп беретін де солар. Өйткені...

Елімізде вакцина салдырғандар саны жарты миллионнан асты

Денсаулық сақтау министрлігі Telegram каналында еліміз бойынша вакцина алғандар азаматтар бойынша мәліметтерді жариялады. 2021 жылғы 15 сәуір күнгі деректер бойынша: Нұр Сұлтан қаласында І компонентпен...

Дания AstraZeneca вакцинасын қолданыстан шығарды

Дания AstraZeneca COVID-19 вакцинасын қолдануды толығымен тоқтатқан алғашқы ел болды, - деп хабарлайды Reuters. Дания билігі қан ұю қаупі туралы хабарламаларға байланысты AstraZeneсa вакцинасын қолдануды...

Түркістанның 1500 жылдығын атап өткендегі мәлімет жаңсақ, көне қаланың 3 мың жылдық тарихы бар – тарихшы

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде шетелдік ірі ғалымдар, археологтармен «Түркістанға 3000 жыл» атты дөңгелек үстел өтті. Кездесуде Түркістан облысы әкімінің...

Тәуелсіздік күнтізбесі: 15 сәуірде қандай елеулі оқиғалар болды?

1993 жылы Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігінде Елшілігі ашылды. 2005 жылы Лондонда Қазақстан Республикасы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ның Ұлыбританиядағы өкілдігі ресми ашылды. 2006 жылы Түркия Республикасының беделді...

Есіл өзенінің бойындағы 18 ауылды су басуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің бойындағы 18 ауылды су басуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазір өңірде Сергеев су қоймасы тасып жатыр.

Мәжіліс жер туралы заңды Сенатқа жолдады

Мәжіліс ауылшаруашылығы жерлерін шетелдіктерге жалға беру мен сатуға тыйым салатын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Atameken Business.  Тарихи құжат осылайша Сенат қарауына...

Өткен тәулікте 2 641 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде өткен тәулікте 2 641 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР тест арқылы анықталды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия. Өңірлер бойынша мәлімет: Нұр-Сұлтан қаласы - 650, ...

Алматыда жаңа тоғыз саябақ ашылады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың 2021 жылғы дамуы туралы, атап айтқанда жақын арада салынатын саябақ аймақтары туралы айтты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. Алматыда...

Қырғыз Республикасында қазақ диаспорасының экс-басшысы ұсталды

Қазақ диаспорасының экс-басшысы Марат Тоқтаучиков Қырғызстандағы мемлекеттік опасыздық ісі бойынша ұсталды. Кеше Қырғыз Республикасының МҰҚК екі азаматты мемлекеттік опасыздық ісі бойынша ұстау туралы ақпарат таратты....

Жаңа қаулы: ШҚО-да шектеу шаралары ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысында шектеу  шаралары 2021 жылғы 15 сәуірден 28 сәуірге дейін ұзартылады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА. ШҚО Бас мемлекеттік санитар дәрігері Қанат Тұрдиев 2021 жылғы...

Қайыңды көлінің ортасында матраста жатқан қыз елдің ашуына тиді

Қазақстандықтар Қайыңды көлінде бейнеролик түсірді. Кадрлардан бір қыздың су артасында қалқып тұрған үрлемелі матрастың үстінде жатқанын көруге болады. Оның ұлттық парк аумағындағы әрекеті жұртты...

Жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдемге оқ атылды

Щучинск қаласында жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігіне оқ атылды. Оқиға 11 сәуірде кешкісін болған, деп хабарлайды Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы. Көлікте...

Тұрғын үй нарығы тұрақтайтын болды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мамырда жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның өсуі түпкілікті тоқтайтынын, бағалар тұрақтанатынын мәлімдеді. – Біз апта сайын жылжымайтын мүлік...

«Махаббат қызық мол жылдар» жаңа форматта қайта басылып шықты

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы «Фолиант» баспасынан жаңа форматта қайта басылып шықты. Бұл туралы ҚЖО-ның Нұр-Сұлтан...

«Нурикамал» әнінің кейіпкері қайтыс болды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нурикамал Сейітжанқызы дүниеден өтті. Нурикамал Сейітжанқызы 1949 жылғы 12 наурызда Ақмола облысығ Державин ауданының Братолюбовка ауылында туған. Ұзақ жылдар лауазымды қызметтер...

Қандай препарат екені құпия: Путин екінші рет коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Ресей президенті Владимир Путин екінші рет коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Алайда Кремль қандай препарат екенін нақты жариялаудан бас тартты. Владимир Путин алғашқы вакцинаны 23 наурызда...

Атырау тұрғыны 30 жылдан кейін жаңа құжат алды

Анатолий Жбанов бұған дейін төлқұжатын 32 жасында өзгертіпті. Қазір ол 63 жаста. Осы уақыт ішінде ол Кеңес одағы кезіндегі төлқұжатпен жүрген. Бұл туралы Orda.kz...

Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламенттің жоғарғы Палатасының заң шығарушылық қызметі туралы мәлімет берілді. Мәулен Әшімбаев Сенаттың...

Tesla компаниясы 357 мың доллар жалақыға қызметкер таба алмай жатыр

Tesla компаниясы Германияда салынып жатқан электромобиль шығаратын зауытқа қызметкерлер жалдау мәселесіне байланысты қиындыққа тап болды. Өндірісті 2021 жылы іске қосу жоспарланғанымен, көптеген жұмыс орны...

«Бақытты отбасы» жобасы аясында мәселелер шешімін тауып жатыр

Түркістанда «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында құрылған Түркістан облыстық жедел әрекет ету тобының отырысы өтті. Оған топ құрамына кіретін облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары мен...

Әлия Назарбаева ерлік жасағандарды марапаттайды

 «Жандану әлемі» қайырымдылық қорының, Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаева Adam Bol Awards жобасының жаңа кезеңі басталғанын Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады....

Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Сақтаған Сәдуақасов Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды. Сақтаған Сәдуақасов еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің талдау және...

АҚШ президенті 11 қыркүйекке дейін Ауғанстаннан әскерін шығаратынын мәлімдеді

Америка Құрама Штаттары бірінші мамырдан бастап барлық күштерін Ауғанстаннан шығаруға кіріседі", - деп мәлімдеді Evorus.com. Америка президенті Джо Байденнің жоспары туралы ақпарат Washington Post газетіне...

Актер Тәуекел Мүсілім ұлына әкесінің тегін берді

Тәуекел Мүсілім ұлына әкесінің тегін берді. Актер ұлының суретін ашық жариялап, толық аты-жөнін жазды.  Тәуекел Мүсілім жақында әке атанып, ұлына ерекше есім қойған еді. Анасының...

Алматыда дәрігерлер денесінің 85 пайызын күйік шалған жігітті құтқарды

Алматыда №4 аурухананың дәрігерлері денесінің 85%-ын күйік шалған жігіттің өмірін сақтап қалды. Бұл туралы 7-region.com хабарлады. Белгілі болғандай, студент 2 ақпанда бензин құйылған құтының...