Әлемде 90 мыңнан аса дәрігер коронавирус жұқтырған

Әлемде 90 мыңнан аса дәрігер коронавирус жұқтырған

Әлемде 90 мыңнан аса дәрігер коронавирус жұқтырған
ашық дереккөзі
299
Әлем бойынша 90 мыңнан астам медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы Халықаралық медбикелер кеңесіне сілтеме жасап Reuters хабарлады. Деректер 30 елде жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде анықталған. Алайда шын мәнінде індет жұқтырған медицина мамандарының саны 200 мыңға жетуі мүмкін дейді сарапшылар. Сондай-ақ, ДДСҰ ұйымға мүше 194 мемлекеттің барлығы коронавирус жұқтырғандарға қатысты шынайы мәліметтерді ұсынбайтынын алға тартып отыр. Соңғы дерек бойынша, дүниежүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 825 150 адам тіркелген.  Өткен тәулікте індетке шалдығудың 95 мыңнан астам жаңа дерегі анықталды. Әлемде індет құрбандарының саны 265 118 адамға жетті. Науқастардың 1 305 934-і емделіп шыққан. Айта кетейік, Қазақстанда 4509 адам коронавирус жұқтырған. Індетке шалдыққан 1450 адам емделіп шықты. 30 адам көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары