Қытайдағы қазақы қонақүйлер

Қытайдағы қазақы қонақүйлер

Қытайдағы қазақы қонақүйлер
ашық дереккөзі
304
Қытайлық «Жэньминь жибао» (People Daily) ақпарат порталының дерегіне сүйенсек, Шынжаңның Күнес ауданындағы қазақтар киіз үйден дәстүрлі қонақ үй ашып, шаруашылығын дөңгелентіп отыр екен. Киіз үй – «Атамыз – Алаш, керегеміз – ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі халықтарына ортақ баспана болса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан- ғасырға мән-маңызын өзгертпей жеткізген қазақ халқы екені белгілі. «Күнес ауданында тұратын Қайнар есімді қазақ азаматы 2018 жылдан бері киіз үй шаруашылығымен айналысып келеді. Ол өз ауласына 5 ақбоз үй тіккен. Табиғаты тамаша Күнеске қыдыра келген туристер оның үйіне соқпай кетпейді. Аз жылдан бері бұрынғы көшіп- қонып жүрген қазақтар мал шаруашылығымен ғана айналыспай, сауда-саттық саласына да бет бұрған. Аталған ауданда көптеген малшылар демалыс орындарында киіз үй тігіп, дәстүрлі қонақ үйлер аша бастаған. Қазір бұл жерде киіз үй қазақ ұлтының мәдени мұрасы, жергілікті орындағы ұлттық салт-дәстүрдің айрықша белгісі саналады», – деп жазады «Жэньминь жибао».

Серіктес жаңалықтары