399
Мақтаарал: Су басқан ауылдардың әр тұрғынына 100 мың теңгеден беріледі
Мақтаарал: Су басқан ауылдардың әр тұрғынына 100 мың теңгеден беріледі
Мемлекеттік комиссия Түркістан облысында Өзбекстандағы су қоймасы апатының салдарынан зардап шеккен әрбір тұрғынға 100 мың теңгеден төлеу туралы шешім қабылдады.
6 мамыр күні Мақтаарал ауданына премьер-министр орынбасары Роман Скляр бастаған үкіметтік комиссия барды, деп хабарлайды Үкімет басшысының ресми сайты.
Түркістан облысы әкімінің ұсынысымен мемлекеттік комиссия су басқан ауылдардың әр тұрғынына 100 мың теңгеден өтемақы төлеу туралы шешім қабылдады.
Мырзакент төңірегінде Достық, Жаңа тұрмыс және Жеңіс ауылдарының тұрғындары қоныс аударатын жаңа шағын аудан салынады. Жаңа тұрғын үй алабына барлық коммуникация желісі жүргізіліп, балабақшалар мен мектептер тұрғызылады.
Су астында қалған екі ауыл — Фирдоуси және Өргебас тұрғындарына баспана мәселесін шешудің үш жолы ұсынылды:
- басқа елді мекенде үйлер салып, сол жаққа көшіру;
- суға кеткен ауылдағы үйлерін қалпына келтіру;
- баспанасын өзі қалпына келтіруге ниет білдірсе, тиісті қаражат аударылады.