Францияда карантин аяқталар шақта маска табу қиындап кетті

Францияда карантин аяқталар шақта маска табу қиындап кетті

Францияда карантин аяқталар шақта маска табу қиындап кетті
ашық дереккөзі
216
Францияда карантиннің аяқталар мерзімі таяу. 25 мыңнан астам тұрғыны коронавирустан көз жұмған мемлекет соңғы 7 аптада жаппай оқшаулану тәртібін ұстанды. Қалыпты өмірге оралуға қамданған француздар маска таппай әлек. Елде бетперделер қат. Індет басталғанда үкімет маскалардың барлығын өз меншігіне алып, оны сатуға тыйым салды. Бүгінде бетперделер саудада бар, бірақ бір қолға 10 данадан артық берілмейді. Бағасы удай қымбаттығына қарамастан, дәріханаларға жеткізілген бойда маскалар жедел таусылып кетеді. Бастапқыда масканы коронавирустан қарсы тиімсіз құрал деп таныған француз үкіметі қазір пікірін өзгертті. Франция үкіметі ұзақ уақыт маскаларды коронавирусқа қарсы тиімсіз құрал деп айтып келген еді. Енді ол пікірін өзгертті. «Дәрігерлердің кеңесі бойынша үкімет оқшауланудан шыққанда бетперде тағуға нұсқау беріп отыр. Маска қорғаныс құралдарын ауыстырмайтыны анық, оны тек толықтырады. Кейбір орындарда, мысалы қоғамдық көлік пен мектеп сыныптарында бетперде тағу міндеттеледі», - деді Францияның премьер-министрі Эдуард Филипп. Ел үкіметі келесі аптадан бастап медициналық маскаларды сауда орындарында қолжетімді бағамен сатуға уәде берді. Сондай-ақ, халықтың біраз бөлігіне оны жұмыс берушілер, әлеуметтік қызметтер, жергілікті билік пен көлік компаниялары тегін үлестіреді. Ал індеттен көп зардап шеккен аймақтарда, мәселен, Парижде әр тұрғын тегін бетперделермен қамтылады. Әзірге Франция тұрғындарының көпшілігі қолдан тігілген бетперде тағып жүр. Соңғы дерек бойынша Францияда 137 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Науқастардың 25 809-ы көз жұмып, 53 972-сі емделіп шықты. Айта кетейік, Қазақстанда қатерлі вирус 4502 адамнан анықталды. Дерті асқынған 30 отандасымыз көз жұмды. 1408 адам індеттен айықты.

Серіктес жаңалықтары