Ерлердің  ісі бітер ме…

Коронавирус әлем елдерінің медициналық әлеуетін ғана емес, қорғаныс қуатын да тара­зы­ға тартты. Кесірлі кеселді ауыз­­дықтау ісінде алғы шепте жүр­ген ақ халаттылардың еңбегі ел аузында. Ал кө­рінбейтін жау­мен арпалысқан әскерилердің қам-қарекеті жайлы жиі ай­тыл­майды. Қорғаныс сала­сы­ның қыз­меткерлері карантинді ау­мақ­тарда блок-бе­кеттерді күзе­ту­ге, еліміздің барлық өңірінде де­зин­фекция жүргізуге жұ­мыл­дырылған. Әскери дәрі­гер­лер де індетпен күреске көмектесу үшін арнайы дайындықтан өтті. Қазақстан ғана емес, қатерлі ви­руспен алысып жатқан жаһан елдерінің барлығы қарулы күш­терінің қуатына жүгінуге мәж­бүр.

Қарулы Күштердің қолдауы ерен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тап­сырмасы бойын­ша елі­мізде коронавирус ин­фек­ция­сымен күресте залал­сыз­дандыру жұмыстарына ерек­ше мән берілуде. Төтенше жағ­­­­­дай ре­жимі жарияланған уа­қыттан бастап Қазақстан Қарулы Күш­тері­нің биоло­гия­лық қорғау бө­лім­шелері рес­публиканың бар­лық ай­ма­ғында дезинфекция жүр­гізіп келеді. Соңғы 5 апта ішін­­де әскери қызметкерлер жа­л­­пы ауданы 36 млн шаршы метр­­ден асатын әлеуметтік маңы­зы бар объектілерді, ұзын­­дығы 2,5 мың шақы­рым­нан астам жол учаскелерін за­лалсыз­дандырған. Бұл ту­ралы өткен ап­та­да Қорғаныс ми­нистрлігінде өткен кезекті аппарат кеңесінде ве­домство басшысы  Нұрлан Ер­мек­баев мәлімдеді. Министрдің ай­туын­ша, індетпен күрес жұ­мыс­­­тарын күшейту үшін хи­мия­­лық және биологиялық қорғаныс әс­керлерін қайта құру қажет бол­­ған. Осы мақ­сатта Қарулы Күш­­тердің Бас штабында ра­диа­циялық, хи­миялық, биологиялық (РХБ) қорғау және экологиялық қауіп­сіздік әскерлері департа­мен­ті құрылды.

Бұған дейін Қарулы Күш­тер­де РХБ қорғау іс-ша­ра­ла­рын ұйым­дастыру Қазақстан ҚК БШ ин­женерлік әскерлер департа­мен­тінің құрылым­дық бөлім­ше­сіне – РХБ қор­ғау және экология­лық қауіп­сіздік әскерлері басқар­ма­сы­на жүктелген болатын. Жаңа­дан құрылған департа­мент­ке қысқа мерзімде қазіргі за­ман­ғы қауіп-қатерлерді, әскер­лердің мүмкіндіктерін және әлем­­нің жетекші елдерінің тә­­жіри­бесін ескере отырып, қор­ға­ныс жүйесін дамыту тұ­жырымда­ма­сын әзірлеу мін­деті қойылды.

1585141647 1

Індетпен күреске әскери дәрігерлер де шама-шарқынша үлес қосуда. Елімізде ко­ронавирус жұқтырған алғашқы науқас тір­келген уақыттан бастап Қорғаныс ми­нистрлігіне қарасты дәрігерлер мен мед­бикелерден құралған бригада арнайы дайын­дықтан өтті. Еңбек демалысындағы жә­не іс-сапардағы барлық ақ халаттылар ша­қыртылды.

Алматы қаласындағы Қорғаныс ми­нистр­лігінің әскери клиникалық госпиталі то­лығымен Денсаулық сақтау министр­лігі­нің қажеттілігі үшін берілді. Онда қазір 200-ден астам науқас ем қабылдауда. Ауру­ха­нада білікті инфекционистер мен пуль­монологтар, эпидемиологтар мен анесте­зио­логтар жұмыс істейді. Госпиталь соңғы үлгідегі медициналық жабдықтармен қам­тылған. Сондықтан науқастардың ж­а­қын­дары алаңдайтындай еш себеп жоқ дейді он­дағы дәрігерлер.

Бұдан бөлек, қаладан 30 шақырым жерде 900 орындық әскери-далалық госпи­таль бой көтерді. Әскери қызметшілер 3 күн ішінде тұрғызған медициналық кешенде қауіпті вирус жұқтырған науқастарды емдеу және диагностика жасауға арналған рентген қон­дырғылары мен зертханалар, өкпені жа­санды желдету аппараттарымен жаб­дықталған жансақтау, тіпті операция бө­лім­деріне дейін бар.

Алматы облысының Денсаулық сақтау бас­қармасы басшысының және аймақ әкім­дерінің өтініші бойынша коронавирус індетін жұқтырған науқастарды қабылдау үшін жұқпалы және провизорлық стацио­нар­лар ретінде Талдықорған қаласының 90 орынды әскери госпиталі, карантиндік ста­ционар ретінде Үшарал қаласының 120 орын­ды әскери лазареті дайындалған. Ми­нистрліктің баспасөз қызметінің мәлі­метінше, нысанда жөндеу жұмыстары то­лық аяқталыпты.

Қазақстандық қорғаныс саласының кә­сіпорындары да кесірлі кеселдің таралуын тоқтатуға атсалысуда. Мәселен, түнге ар­­­налған әскери аспаптар шығаратын «Қа­зақ­стан Аселсан инжиниринг» АҚ Қазақстан-Түркия бірлескен кәсіпорны адамның дене қызуын өлшеуге арналған дистанциялық электрооптикалық құрылғылар өндірісін игеруде. Ал әскери кемелер мен катерлер өн­діретін батысқазақстандық «Гидроаспап» және «Зенит» кәсіпорындары түрлі аймақ­тар­ға өту кезінде дезактивацияны қамтама­сыз ету үшін инженерлік қоршаулар мен ар­найы тоннельдер өндірісін қолға алды.

Көкшетаудағы «Тыныс» зауыты меди­ци­налық бетперделермен қоса, жедел жәрдем ма­шиналарына орнату үшін өкпені жасан­ды желдетудің мобильді аппараттарын шы­ғару­ды бастады. Таяудағы екі ай ішінде ӨЖЖ аппараттары Қазақстанның барлық өңірлеріндегі жедел жәрдем қызметтерінің қажеттілігін жабады. Осыған байланысты зауыт тәулік бойы үш ауысымды жұмысқа ауыстырылды.

Солтүстік Қазақстандағы «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «С.М.Киров атын­дағы зауыт» АҚ және «Мұнаймаш» АҚ кә­сіпорындары облысты автокөлікке ар­нал­ған дезинфекциялық тосқауылдармен қам­тамасыз етті. Ал Алматы қаласында ор­наласқан ұшпайтын қарулар мен прак­ти­калық оқ-дәрілер шығаратын Алма-ДК жә­не Қалқан-7 зауыттары арнайы дезин­фек­циялау құралдары мен қорғау костюм­дерін өндіруді ұйымдастырды.

Десе де, қорғаныс саласының кә­сіп­орын­дары бекітілген кестеге сәйкес күш құры­лымдары мүддесінде 2020 жылғы мем­лекеттік қорғаныстық тапсырысты орын­дауды жалғастыруда. Әскери мақсаттағы өнімдер өндірісі тұралаған жоқ.

Батыс елдері армиясына арқа сүйеуде

COVID-19 індеті таралған елдердің көп­ші­лігінде вируспен күреске азаматтық ме­кемелерден бөлек, қарулы күштердің қуаты пай­даланылуда. Әсіресе, індетке шал­дық­қан­дар саны жөнінен әлемде алдыңғы орын­да тұрған мемлекеттерде ауруды ауыз­дықтау жұмыстарына әскери қызметшілер көп­теп тартылған. Мәселен, АҚШ-та 15 сәуір­ге дейін 14 мыңнан астам әскери қыз­мет­кер коронавируспен күрес шараларына қатысқан. 4 мыңнан аса әскери дәрігер өздерінің азаматтық әріптестеріне көмекке келген. Атап айтқанда, 2 100 медицина ма­маны Нью-Йорктың 11 ауруханасына нау­қастарды емдеуге жіберіліпті. Сондай-ақ АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі жасақ­таған 14 медициналық топ індет өршіп тұрған штаттар – Нью-Джерси, Массачусетс, Коннектикут, Мичиган мен Пенсильванияға аттанған.

АҚШ әскерінің инженерлер корпусы Чикаго, Детройт және Нью-Йорк қала­ларын­да 15,5 мыңға жуық науқасты қабыл­дауға қауқарлы 25 госпиталь құрылысына кіріскен. Сондай-ақ ұлттық гвардияның 30 мың қызметкері 83 мың адамға шақталған 150 модульді аурухананың құрылысына көмектесті. Бұдан бөлек, АҚШ-тың Әскери-теңіз күштері Mercy және Comfort деп атала­тын екі әскери-теңіз госпиталін құрды.

Коронавирустың таралу көрсеткіші жө­нінен әлемде екінші орында тұрған Ис­па­ния да өз армиясының көмегіне жүгінді. Испан қарулы күштерінің індетпен күрес шара­ларына «Балмис» операциясы» (Operacion Balmis) деген атау берілді. Ел әскері 1 207 елді мекенде 19 960 медициналық іс-шара өткізген. Аталған шараларға 90 мыңға жуық әскери қызметші қатысып, мыңнан ас­там науқасқа, 667 медициналық орталық­қа, 558 әлеуметтік қорғау орталығына кө­мек көрсеткен. Әскерилер елдегі қарттар үй­лерін дезинфекциялау жұмыстарына да тартылған.

Испанияда індетпен күреске жұмыл­дырылған әскери дәрігерлер саны да еселеп артып келеді. Мәселен, наурыздың ортасына дейін 2 500 маман тартылса, сәуірде олар­дың қатары 3 200-ге жетті. Вирусты ауыз­дық­тау жұмыстарына резервтегі әскери дә­рі­герлер де шақырылғанын айта кеткен жөн.

Сондай-ақ Испанияның Әскери-әуе күштері A400M Atlas әскери ұшағын нау­қастарды тасымалдау мақсатында қайта жаб­дықтап, ұшатын госпитальға айнал­дыр­ды. Қазіргі таңда әуе көлігі өте ауыр халдегі 5 науқасты және орташа ауыр жағдайдағы 14 адамды тасуға қауқарлы.

Еуропада кесірлі кеселдің зардабын ең көп тартқан мемлекеттердің бірі – Италия­ның әскерилері қаңтар айынан бері азама­т­тық мекемелерге қолдау көрсетіп, күш-қуа­тын ел қорғанысынан бөлек, індетпен күрес жұ­мыстарына да жұмылдырып келеді. Әс­кери бөлімшелерге аулалар мен көшелерді, қоғам­дық көліктерді дезинфекциялау міндеті жүктелген. Сонымен қатар 24 ақ­паннан бері Италияның Әскери-әуе күштері нау­қастар мен медициналық құрал-жаб­дық­тарды тасымалдаумен айналысуда. Сәуір айының есебі бойынша, әскери ұшақ­тар осы мақсатта 28 мәрте ұшқан. Ко­ро­на­вируспен күреске тартылған UH-205, RH-206C, CH-47F Chinook, UH-90A және HH-412 әс­кери-көлік тікұшақтары және P-180, Do-228 және C-130 әскери-көлік ұшақ­тары­ның жалпы ұшу ұзақтығы 116 сағатқа со­зыл­­ған. Әуе көліктері жалпы салмағы 142 мың тоннаны құрайтын медициналық құрал-жабдықтарды діттеген жерге жеткі­зіпті.

Ал Францияда қарулы күштердің ко­ронавируспен күресі «Тұрақтылық опе­рациясы» (Opération Resilience) деген атауға ие болды. 25 наурыздан бері жүргізіліп келе жат­қан операцияның мақсаты – денсаулық сақ­тау мекемелеріне көмек көрсету.

Бүгінде француз әскери дәрігерлері елдегі індет ең көп тараған өңірлерге ба­ғыт­талып, науқастарды емдеуде. Наурыз айын­да Францияның Мюлуз қаласында әскери-далалық госпиталь тұрғызылып, науқас­тарды қабылдай бастады. Онда 121 әскери дәрігер және 15 профильді маман (анес­тезиологтар, физиотерапевтер, реанимато­логтар) жұмыс істеп жатыр.

Бұдан бөлек, COVID-19 инфекциясымен кү­ресті күшейту мақсатында әскери госпи­тальдар мен денсаулық сақтау министрлігіне қарасты емдеу мекемелерін интеграциялау ісі қолға алынған. Атап айтқанда, Бегин (Париж), Перси (Париж), Сен-Энн (Тулон), Лаверан (Марсель) және Клермон-Тоннер әскери ауруханаларында коронавирус жұқтырғандар емделіп жатыр.

Ауыр жағдайдағы науқастарды та­сымалдау және жедел медициналық жәрдем көр­сету үшін Францияның Әскери-әуе күш­тері соңғы үлгідегі Morphee реанимациялық модулін қолдануда. C-135 әскери-көлік ұшақтарына және A330 Phoenix көпмақ­сат­ты ұшақтарына орнатылған заманауи мо­дуль 12 науқасты 10 мың шақырымға дейін жеткізуге қауқарлы. «Тұрақтылық опера­циясы» Франция тарихында A330 ұшағын медициналық мақсатта пайдаланудың алғашқы оқиғасы ретінде тіркеліп отыр.

Қорғаныс шығындары: Қай ел қанша жұмсайды?

Халықаралық сарапшылардың пікірін­ше, пандемия әлем елдерінің экономикалық әлеуетін ғана емес, қорғаныс қуатын да әлсіретеді. Өйткені мемлекеттер бұдан бы­лай қаражаттың басым бөлігін ме­ди­цинаны қар­жыландыруға және тұралаған экономи­касын қайта тірілтуге жұмсайды дейді ма­ман­дар. Армиясының қуатын арттыруға, қауіп­сіздігін күшейтуге жыл сайын қомақты қаржы жұмсайтын елдер биыл қорғаныс шы­ғындарын азайтуы мүмкін деп болжану­да. Болжамның қаншалықты расталары жыл соңындағы есеп-қисаптан соң белгілі бола­ды. Ал 2019 жылдың есебіне сүйенсек, был­тыр әлем алпауыттары әскери бюджетін ай­тарлықтай арттырған.

Стокгольмның әлем проблемаларын зерттеу жөніндегі институтының (SIPRI) баяндамасына сүйенсек, Ресей қорғаныс саласына көп қаражат жұмсайтын алғашқы бес елдің сапына қайта қосылды. Өткен жылы солтүстіктегі көршіміз әскери саланы да­мытуға 65 млрд доллар жұмсаған. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға көп. Осылайша Ресей алтыншы орыннан төр­тінші орынға шыққан. Ал Сауд Арабиясы керісінше, қорғаныс саласына шығынды 16 пайызға азайтып, үшінші орыннан бесінші орынға түскен.

SIPRI есебінше, АҚШ, Қытай, Үндістан, Ресей және Сауд Арабиясы елдерінің әскери шығыны әлем бойынша қорғаныс саласына жұм­салатын қаржының 62 пайызын құрай­ды екен. Әскерінің күш-қуатын арт­тыруға өткен жылы 732 млрд доллар шығындаған АҚШ (әлемдік шығынның 38 пайызы) бірінші орында болса, екінші орында – Қы­тай. Аспанасты елінің әскери бюджеті 261 млрд долларды құрайды. Соңғы он жылда Қытайдың бұл салаға шығыны 85 пайызға артқан. Үшінші орында – Үндістан. Бұл мемлекет 2019 жылы қорғаныс саласына 71 млрд доллар бөлген.

Жалпы алғанда, 2019 жылы әлем бойын­ша қорғаныс саласына 1,9 триллион доллар жұмсалған. Бұл 2008 жылдан бергі ең жо­ғар­ғы көрсеткіш. Алайда Стокгольм әлем проблемаларын зерттеу жөніндегі инсти­туты сарапшыларының пікірінше, коро­навирус пандемиясы қорғаныс саласына қыруар қаржы шығындап келген мемлекет­терді өз бюджетін қайта қарауға мәжбүрлей­ді. Келесі жылы көптеген елдер қаржыны білім, денсаулық сақтау саласына көбірек бөлуі ықтимал. Десе де, мамандар бұл өзге­ріс ұзаққа созылмауы мүмкін екенін жоққа шы­ғармайды.

Пентагон дағдарысты пысқырмайды

Бүгінде АҚШ-та коронавирус жұқтыр­ғандар саны 1,2 миллионға жетіп жығылды. Әлемде індетке шалдыққан әрбір үшінші адам Құрама штаттарда тіркелген. Елде ке­сірлі кеселдің өршіп тұрғанына және эко­номикалық құлдырауға қарамастан, Пен­та­гон жаңа ауқымды және қымбат жоба – АҚШ-тың зымыранға қарсы қорғаныс жүйе­сі үшін жаңа зымыранның құры­ла­тыны туралы хабарлады. Мемлекеттің зы­мыранға қарсы агенттігі ел үкіметінің ке­лісімшарт сайтында тендер жариялап үлгерген. Бағдарлама Next-Generation Interceptor (NGI) деп аталады. Defensenews әске­ри интернет-басылымының хабарлауынша, Пен­тагон 2021 жылы NGI бағдарламасын жү­зеге асыру үшін 664,1 миллион доллар сұ­ра­ған және бес жылдың ішінде 4,9 мил­лиард доллар жұмсауды көздеп отыр.

Құрылысы қолға алынғалы отырған тос­қауылшы зымыран ұзақ уақыт бойы АҚШ-тың зымырандық қорғаныс жүйесінің негізіне айналмақ. Бұл – ғарышта ұшып бара жатқан зымыранға траекториясының орта бөлігінде тосқауыл жасау жүйесі. Бұл жүйе, мәселен, ядролық державалардың бірі­мен қақтығыс болған жағдайда, зымы­ран­дардың жаппай ұшырылуын көрсете алмайды. Ол КХДР немесе Иран сияқты ел­дерден бір рет ұшырылатын ракеталарды ұстауға кепілдік беру үшін жасалмақ.

Жаңа тосқауылшылар Аляска мен Ка­лифорниядағы зымыранға қарсы қон­дырғылары бар екі базадан тұратын жер үстін­дегі Midcourse қорғаныс жүйесінің құра­мына кірмек. Онда қазір 44 тосқауыл­шы зымыран орналасқан, Пентагон 2019 жылы тағы 20 данасына тапсырыс берген.

Зымыранға қарсы агенттік тендерді 31 шілдеге дейін жариялады. Алайда ведомство пандемияға байланысты мерзімдер өзгеруі мүмкін екенін ескертіп отыр. Бір таңға­лар­лығы, дағдарыс жағдайында бизнесті және денсаулық сақтау саласын дамытуға бөлі­не­тін қаржыны қайта бөлу қажеттілігі туын­даған кезде АҚШ әскери бюджетін қыс­қартуға асығар емес. Соған қарамастан, әс­кери техника өндіретін америкалық өн­дірушілер күрделі жағдайға тап болып отыр.

Жуырда АҚШ-тың Ұлттық қорғаныс өнер­кәсібі қауымдастығы осы салада жұмыс іс­тейтін 770 шағын кәсіпкерлерге сауалнама жүргізіп, зерттеу жасаған. Респонденттердің 67 пайызы қаржылық қиындықтарға тап бол­ғанын айтса, 60 пайызы бұл қиындықтар ұзаққа созылады деген пікір білдірген.

Ресей қару-жарақ бағдарламасын қысқартпайды

Ресейдің қорғаныс саласы пандемиядан қан­шалықты зардап шеккені туралы ресми дерек жоқ. 22 сәуірде «Біріккен авиақұрылыс кор­порациясы» төрағасы Юрий Слюсарь кор­порацияға қарасты барлық кәсіпорын­дар жұмысқа қайта оралғанын хабарлады. Алайда оған дейін холдинг өндірісті ай­тар­лықтай төмендеткен болатын.

Америкалық өндіріс орындары секілді Ре­сейдің қорғаныс кәсіпорындары да қар­жылық қиындықтармен күресуде. Сәуір айы­ның басында әскери-техникалық ын­тымақтастық жөніндегі комиссия оты­ры­сында Ростов облысының губернаторы Ва­силий Голубев «Роствертолдың» 122 қо­салқы мердігерлік ұйымының 25-і ғана жұ­мыс істеп тұрғанын, сонымен қатар жұ­мыстың тоқтатылуына байланысты ай­налым қаражатының жетіспеушілігі туралы айтқан.

Ресейдің сыртқы істер жөніндегі әскери сарапшысы Илья Крамниктің пікірінше, Ресей қорғаныс өнеркәсібі түйткілдерінің ерек­шелігі – олар тікелей карантиндік ш­а­ралардан (өндірістің тоқтап қалуы, қар­жының болмауы және технологиялық тіз­бектегі үзілістер) емес, пандемиядан туын­даған экономикалық дағдарыстың сал­дары­нан пайда болып отыр. Оның айтуын­ша, үкімет дағдарыстан шығудың тетігі ретінде әскери шығындарды пайдалана алады. Қорғаныс өнеркәсібіне ақша құю, ең ал­дымен, жұмыспен қамтуды және ақша ай­налымын қамтамасыз ету үшін құрал-жаб­дықтарды өндіруге бағытталады. Сәйкесінше, қолдауға, ең алдымен, жұ­мыс­пен қамтуды және ынтымақтастықты жо­ғары деңгейде қамтамасыз ете алатын өн­дірушілер ие болуы тиіс.

Ресейдегі Гайдар институтының әскери-экономикалық зертханасының жетекшісі Василий Зацепиннің пайымдауынша, ақшаны үнемдеуге тура келсе де, Ресейдегі мем­лекеттік қару-жарақ бағдарламасын азайтуға болмайды. Оның сөзіне сүйенсек, қорғаныс шығындарын қаржылай қолдау үшін алдымен ресейлік резервтер сақталған Ұлттық әл-ауқат қорының қаражаты пай­даланылады. Бұл мүмкін болмай қалған жағ­дайда ғана Қорғаныс министрлігінің бюд­жеті қысқартылады.

«Біз ешқашан мемлекеттік қару-жарақ бағдарламасын қысқартқан емеспіз. Ағым­дағы шығындардың барлығы қысқартылды. Мүмкін тіпті жанар-жағармай мате­риал­дары, әскери қызметшілерге төленетін ақша­лай жәрдемақылар, Қорғаныс ми­нистр­лігінің мемлекеттік қызметкерлерінің жалақысы, сондай-ақ олардың мөлшері, бі­рақ қару-жарақ бағдарламасына шығын­дар азайтылған жоқ», – дейді В.Зацепин.

Қазақстанның әскери бюджеті қанша?

«2020-2022 жылдарға арналған респуб­ли­калық бюджет туралы» заңға сәйкес, елі­міз­дің қорғаныс шығындары 2020 жылы – 681,8 млрд теңге, 2021 жылы – 761,6 млрд, 2022 жылы – 789,7 млрд теңге. Ал өткен жы­лы рес­­­пуб­ликалық бюджеттен бұл са­лаға бө­лінетін қаржы 36,3 пайызға өсіп, 738,7 млрд теңгеге жетті. Бұл – соңғы бес жыл­да қорғанысқа бөлінген ең көп қаржы. Оның 136 млрд теңгесі 2019 жылдың ал­ғаш­қы екі айын­да-ақ игерілген. Бұл соманы 59 күнге бөлсек, әскери сала тәулігіне 2,3 млрд теңге шығын­дайды деген сөз. Бюджетті бекіткен халық қалаулыларының пікірінше, қорғанысқа бөлінген қаржының артуы заңдылық.

«Әскери салада шығынның өсуіне негіз бар деп санаймын. Біз өз қорғанысымызды нығайтуымыз керек. Жаңа техника мен технологиялар сатып алып жатырмыз. Ол қосымша қаржыны талап етеді. Сондықтан бұл салаға кететін шығынның көбеюін қол­даймын», – дейді Мәжіліс депутаты Серік Құсайынов.

010 1

Әскери әлеуетімізді арттыруға бөлінген қар­жы еселене түскенімен, өзге елдермен салыстырғанда қорғаныс шығынымыз көп емес. Ресми дерек бойынша, әскерге жұмсал­ған қаржы жалпы ішкі өнімнің 1 пайызына да жетпейтін көрінеді. Осы тұрғыдан есеп­тесек, көршілеріміз Өзбекстан бізден 4 есе, Әзірбайжан екі есе көп шығындалған. Оның үстіне, Қазақстанның қорғаныс саласы бюджет шығыны жөнінен 5-орында тұр. Алғашқы үштікте – әлеуметтік салалар: өткен жылдың алғашқы екі айында әлеу­мет­тік көмек пен әлеуметтік қамту бағы­тына 522,7 млрд теңге, білім беруге 338,5 млрд теңге, денсаулық сақтау бағытына 276,5 млрд теңге жұмсалған.

«Бейбітшілікті қаласаң, соғысқа әзірлен» де­ген көне латын пәлсапасы. Қазіргі ұғымға сал­сақ, қорғаныстан ақшаны аяма дегенді мең­зейді. Қазақстанның Қарулы Күштері – қауіпсіздігіміздің қалқаны, тұтас­ты­ғы­мыздың кепілі. Сондықтан әскеріміздің әлеуетін, қорғанысымыздың қуатын арт­тыру түптеп келгенде бейбітшілігімізді бе­кем­дей түсуге талпыныс екенін ұққан жөн. Жаһанның жігерін сынаған пандемия бұл тал­пыныс уақыт талабынан туғанын дәлел­деп отыр.

Редакция таңдауы

Екінші рет коронавирус жұқтырып алған Толқын Забирова 74 жастағы анасына қатты алаңдауда

Белгілі әнші Толқын Забирова коронавирус індетін екінші рет жұқтырып алды. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды. «Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес, деп жүріп...Антителаның...

Қазақ киносы Германияда өтетін фестивальдің шымылдығын ашады

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» көркем фильмі Германияның Висбаден қаласында 2021 жылғы 20-26 сәуір аралығында онлайн өтетін 21-ші Орталық және Шығыс Еуропа goEast кинофестивалінің...

Қазақстан-Ресей шекарасы: Көптоғай аулындағы дау неден шықты?

Қазақстан-Ресей шекарасындағы Атырау облысы Көптоғай ауылының тұрғындары шекара сызығы ауысуымен келіспей, оны заңсыз деп санайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Көптоғайлықтар шекара бекеттерін орнату бойынша жұмысты тоқтатуды...

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Оның...
zabirova

Екінші рет коронавирус жұқтырып алған Толқын Забирова 74 жастағы анасына қатты алаңдауда

Белгілі әнші Толқын Забирова коронавирус індетін екінші рет жұқтырып алды. Бұл туралы...
facebook anita gurman

Алматыда белгісіз біреулер иттің төрт сирағын кесіп тастаған

Алматыда белгісіз біреулер иттің төрт сирағын кесіп тастап, мазақ етті, деп хабарлайды...
photo 325268

Түркістан облысында тағы бір үлкен той тоқтатылды

Түркістан облысында 100-ге жуық адамды жинап, бесік той өткізіп жатқан тұрғын анықталды,...

Жаңалықтар

Екінші рет коронавирус жұқтырып алған Толқын Забирова 74 жастағы анасына қатты алаңдауда

Белгілі әнші Толқын Забирова коронавирус індетін екінші рет жұқтырып алды. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды. «Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес, деп жүріп...Антителаның...

Әлеуметтік желі теріс діни ағымдардың насихаты үшін таптырмас алаңға айналып отыр

Ислам атын жамылған деструктивті діни ағымдардың белсенді дамуы, әдетте, белгілі бір тарихи оқиғалар мен саяси жағдайларға тұспа-тұс келеді. Еліміз соңғы онжылдықта әртүрлі саяси-тарихи кезеңдерді...

Интернетте деструктивті діни материалдарды таратқандарға қандай жаза қолданылады – маман пікірі

Мади  Тайпин,  Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығының директоры: -   Мади Шойынбекұлы, әңгімемізді бастамастан бұрын орталықтың жұмыс барысына тоқталып өтсеңіз. Елордадағы діни ахуал қалай? -   Біздің...

Б.Байбек: «Болашақ» бағдарламасы – Елбасының сәтті іске асырған жобасы

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыған мамандардың ел дамуына қосқан үлесі зор екенін айтады. Бұл туралы ол саясаткер...

Алматыда белгісіз біреулер иттің төрт сирағын кесіп тастаған

Алматыда белгісіз біреулер иттің төрт сирағын кесіп тастап, мазақ етті, деп хабарлайды Liter.kz.   "Медеу аумағында "маньяк" бар. Иттің төрт сирағын, сіңірлерін, мұрынын кесіп тастады. Ол...

«Тұрғын үйлерді бұзуға тура келеді». Алматыда жаңа экологиялық орталық салынбақ

Алматыда экологиялық инновациялар орталығын салу үшін "Қазақфильм" студиясының жанындағы тұрғын үй алабын бұзу жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ⠀ Үйлерді бұзуға тура келетіні әкімдіктің презентациясында көрсетілген. ⠀ Алматы әкімдігінің...

Ақмола облысында бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті

Целиноград аудандық партия филиалына қарасты «Родина» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Бұл ұйымда 4 партиялық топқа біріктірілген 133 партия мүшесі бар. Іс-шара барлық карантиндік...

Түркістан облысында тағы бір үлкен той тоқтатылды

Түркістан облысында 100-ге жуық адамды жинап, бесік той өткізіп жатқан тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Созақ АПБ-ның қызметкерлері карантин режимін және шектеу шараларын сақтау...

Семей қаласының аумағы кеңеймек

Семей әкімдігі қалалық мәслихатпен бірлесіп "Семей қаласының елді мекендерінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы" қаулысын дайындады, деп хабарлайды zakon.kz. Қаланың шекарасы үш елді мекенді қосу есебінен...

Білім мен ғылымды дамытудың Республикалық Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті

«Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында партияның ұйымдастыруымен Білім мен ғылымды дамытудың Республикалық Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Аталған жиынға Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің...

«Білім және Ғылым» бастауыш партия ұйымының есептік жиналысы өтті

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси Кеңесі Бюросының қаулысына сәйкес 1300-ден астам партия мүшесін біріктіріп отырған «Білім және Ғылым» бастауыш партия ұйымында есептік-сайлау жиналысы...

Әнуарбек Байжанбаевтың шеберлігі

Қазақ радиосының тарихына ой жүгіртсек, есімізге ең бірінші Әнуарбек Байжанбаевтың есімі оралатыны сөзсіз. Әнуарбек Байжанбаев өмір бойы Қазақ радиосында диктор болып қалың жұртшылыққа кеңінен...

Инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді

Шығыс Қазақстан облысы Қасым Қайсенов кентінде №9 бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Жиында БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары сараланып, алдағы уақытта орындалуы тиіс мәселелер...

Қазақстан жастарына этномәдени дәстүрді сіңіруіміз қажет – Әділбек Ыбырайымұлы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қазақстан жастарын тәрбиелеудің этномәдени дәстүрлері» атты республикалық семинары өтті. Аталған онлайн жиында Дүниежүзі  қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Әділбек Ыбырайымұлы «Қазақ  ұлтынан этностардың...

Келелі жиын – келешек үлесі

Өткен апта маңызды басқосуларға толы болды. Әрбір жиынның астарында ел болашағын жарқын ету, келешегін кемелдендіре түсер мақсат бар. Нақты мәселелер көтеріліп, оны шешудің жолдары...

«Тоттенхэмнің» бас бапкері Жозе Моуриньо қызметінен босатылды

Лондондағы "Тоттенхэм Хотспур" футбол клубының бас бапкері Жозе Моуриньо қызметінен кетті. Бұл жаңалықты vesti.ru сайты Тhe Athletic-тің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлады. Моуриньо 2019...

Әскери қайраткер Ким Серікбаев қайтыс болды

Әскери қайраткер, полковник, әскери ғылым кандидаты Ким Серікбайұлы Серікбаев қайтыс болды. Қайғылы хабарды Алматы қаласындағы «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық...

«Тоқтықтан»: Асты аяқ асты еткен челлендж жұртты ашуландырды (видео)

Tik-Tok әлеуметтік желісіндегі кезекті челлендж Facebook қолданушыларының наразылығын тудырды. Челленджге қатысқан жасөспірімдер тамақты аяқпен таптаған. "Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Мұның арты жақсы болмайды....

Қазақстандық дизайнер Нұр-Сұлтанда Сақ алаңын салуды ұсынды

Отандық сәулет дизайнері Мансура Жәкен қазақстандық қалалардың бейнесін қазақтардың этникалық стилінің элементтерімен қайта жасауды ұсынды. Оның пікірінше, астанада "аң стилінде" сәнделген және ежелгі сақ...

Нұр-Сұлтандағы саябақтан жалпы құны 8 млн теңге болатын 66 шам ұрлаған күдіктілер ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Триатлон паркінен 66 шам ұрланған. Полицейлер екі жүргізуші мен көше мен саябақты жарықтандырумен айналысатын ЖШС монтерін күдікті деп танып отыр, деп хабарлайды...

Ұлттық банк коллекциялық монеталар сатылатын интернет-дүкенді іске қосты

Ұлттық банк интернет-дүкеннің жұмысын пилоттық режимде қайта бастады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. Қазақстан Ұлттық Банкі 19 сәуірден бастап коллекциялық монеталардың онлайн саудасын жаңарту үшін пилоттық...

Мүмкіндігі шектеулі Қазақстандық әйел Эверест шыңын бағындырды

Мария Әуезова Эверестің биіктігі 5364 метр болатын шыңын бағындырды. Мариямен бірге бірге күйеуі мен тәлімгері де тауға бірге шыққан - деп хабарлады sxodim.astana Instagram...

Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты заңға қол қойды

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды.  Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен...

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президентіне көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды elbasy.kz. Елбасы Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің әкесі Мяликгулы Бердімұхамедовтің өмірден өткені туралы...

Англияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі парацетамолдың қаупі туралы айтты

Англияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі парацетамолды шамадан тыс қолдану қауіп тудыруы мүмкін екенін ескертеді, - деп хабарлайды ВЗГЛЯД басылымы. Дәріні шамадан тыс қолданудың белгілері -...

Қазақстанның Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев – 1970 жылғы 2 сәуірде Ақтөбе...

Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО)...

Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Рәпіл Жошыбаев –  1963 жылғы 22 тамызда Жамбыл облысында...

Жол сапасына жауапты мыңнан астам шенеунік айыппұл арқалаған

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтың айтуынша, жол сапасының сын көтермегені үшін бірқатар  шенеуніктер жазаланған, - деп хабарлайды BaigeNews.kz  "2021 жылы Жол инспекциясы бөлімшелері...

«Қазақстан темір жолының» БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департамент директоры тағайындалды

Қайсар Жұмабайұлы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры болып тағайындалды.«ҚазАқпарат» агенттігінің жазуынша, бұл ақпаратты Қайсар Жұмабайұлының өзі растады. Қайсар Жұмабайұлының...

Қазақ киносы Германияда өтетін фестивальдің шымылдығын ашады

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» көркем фильмі Германияның Висбаден қаласында 2021 жылғы 20-26 сәуір аралығында онлайн өтетін 21-ші Орталық және Шығыс Еуропа goEast кинофестивалінің...

Президент жарлығымен жаңа елшілер тағайындалды

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 19 сәуірдегі жарлығы бойынша Қырғыз Республикасындағы, Бельгия Корольдігіндегі және Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz сайты хабарлады. Хабарламаға...

Мемлекет басшысы Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке әкесі Мяликгулы Бердымұхамедовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды akorda.kz. «Әкеңіздің...

Әлемдегі ең үлкен айсберг еріді

Әлемдегі ең үлкен А68 айсбергі еріп, бірнеше бөлікке бөлінді, – деп жазды Sky News. 2017 жылы Антарктика жартылай түбегінің мұздығынан ажыраған кезде оның ауданы 5800...

Коронавирустан 23 науқас көз жұмды – ДСМ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы тіркелген қайғылы жағдайларға қатысты мәлімет берді. 17 сәуірде коронавирустан 23 науқас көз жұмған. Оның 22 КВИ+, бір адам...

Президент бірқатар лауазымды тұлғаны қызметінен босатты

Бүгін, 19 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен  еліміздің шетелдегі бірқатар төтенше және өкілетті елшілері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда. «Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Қайрат...

Павлодарда қарағай орманынан шыққан өрт мың гектарға жетті

Павлодар облысындағы қарағай орманында ірі өртті сөндіру жұмысы жалғасуда. Өртке оранған алқап мың гектарға жетті. «Галкин ауылдық округінің екі елдімекеніне қауіп төнді. Бірақ оның алдын...

«Кездесуге шақырамын». Алмас Кішкенбаев танымал блогер қызды ұнататынын айтты

Әнші Алмас Кішкенбаев танымал блогер қызды ұнататынын айтты. Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бойжеткеннің видеосын жариялап, көпшіліктен оның жеке өмірі жайлы сұрастырды деп жазады...

Ерлан Саиров: Шекараны жергілікті халықтың ыңғайына оңтайландыру амалын қарастыру абзал

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Атырау облысындағы Көптоғай ауылының тұрғындарын алаңдатқан Қазақстан-Ресей шекарасына қатысты мәселеге орай Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді. «Атырау облысы, Құрманғазы...

Ерлан Әлімбаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев 1975 жылы 6...

Жамбыл облысында төрт елді мекен ішімдіктен түбегейлі бас тартты

Жамбыл ауылдық округіне қарасты Шәкен Ниязбеков, Шайқорық, Танты, Қапал ауылдары ішімдіктен біржола бас тартты. Осы төрт елді мекендегі 22 дүкен иелері ішімдік сатуға берілген...

Жағдай мәз емес: жеті өңір «қызыл аймақта» тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. 2021 жылдың 19 сәуіріндегі жағдайы...

Қазақстан Бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан Бокс федерациясының атқарушы директоры лауазымына Маратбек Мықтыбеков тағайындалды, – деп хабарлады ҚБФ баспасөз қызметінің мәліметі. Ал соңғы 11 жыл бойы осы лауазымды атқарып келген Бекжан...

Келіссөз жүріп жатыр: Головкиннің келесі қарсыласы кім?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жыл соңында жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жекке шығуды жоспарлап отыр, – деп жазды Sports.kz. Алғашқы болып...

Қызылордада қолдан жасалған құрттан есірткі табылды

Қызылордада түзеу мекемесіне келген сәлемдемедегі қолдан жасалған құрт ішінен есірткі табылды. Бұл оқиға Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде болды. Қылмыстық кодекстің...

19 сәуір: ел тарихындағы маңызды оқиғалар күнтізбесі

1960 жылы 19 сәуірде Бұқтырма су қоймасын толтыру басталды. 1993 жылы Алматыдан Түркияның Трабзон қаласына алғашқы жолаушылар әуе рейсі ұшырылды. Бортында 120 турист болған...

Өткен тәулікте 2700-ден астам адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2719 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады  coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 436, Алматы қаласы - 665, Шымкент қаласы - 114,...

Мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті қамауға алынды

Жамбыл облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды. Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көкдөнен ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта белгісіз адамдардың мешіттің ішіне терезесін...

Еркін күрестен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

Еркін күрестен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Айтулы жарыста есімдері төменде аталған балуандар жеңіс тұғырына көтерілді: 57 келі: 1. Құмар Рави (Үндістан), 2. Әлиреза Сарлақ (Иран),...

Нұр-Сұлтан қаласының іргесінен өрт шықты

Нұр-Сұлтан қаласын Ақмола облысының Қоғалжын ауданымен байланыстыратын тасжол бойындағы саяжайдан өрт шықты. Бұл туралы саясаттанушы Қазыбек Майгелдинов facebook парақшасында жариялады. «Қорғалжын тасжолы бойындағы саяжайлар өртеніп...

Танымал актриса Ғазиза Әбдінабиева қайтыс болды

Танымал актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Ғазиза Мәкешқызы өмірден озды. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов хабарлады. Ол...

Нобель сыйлығының бес лауреаты Навальный ісі бойынша Путинге ашық хат жолдады

Францияның Le Monde басылымы және британиялық The Economist журналы әлем жұлдыздарының Ресей президенті Владимир Путинге жазған ашық хатын жариялады.  Онда танымал адамдар колонияда отырған оппозиционер...

Қазақстан-Ресей шекарасы: Көптоғай аулындағы дау неден шықты?

Қазақстан-Ресей шекарасындағы Атырау облысы Көптоғай ауылының тұрғындары шекара сызығы ауысуымен келіспей, оны заңсыз деп санайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Көптоғайлықтар шекара бекеттерін орнату бойынша жұмысты тоқтатуды...

Лукашенко вакцина алғысы келмейді

Беларусь президенті Александр Лукашенко коронавирусқа қарсы вакцина алғысы келмейтінін айтты. Бұл туралы tass.ru хабарлады. Лукашенконың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақында өткен тексерісте оның қанында антиденелердің жеткілікті...

Шыңжаңдық тағы бір қандасымыз Олимпиадаға жолдама алды

Қазақстанның Алматы қаласында өткен күрестен Олимпиадалық іріктеу турнирінен жақсы жаңалық келді. Шыңжаң өлкесінен шыққан Уәлихан Серікұлы 60 келі салмақта грек-рим күресінен өнер көрсетіп, Токио...

ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде жерімізді қорғап, бейжай қалмауға шақырған видеолар таралуда. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, онда «Қалқан-2021» оқу-жаттығуларында түсірілген кадрлар көрсетілген, деп хабарлайды stopfake.kz сайты. «2021...

Ақмола облысында ер адам қызымен бірге сарқырамаға құлап кетті (видео)

Куәгерлердің айтуынша, әкесі мен қызы суретке түспек болғанда, сарқырамаға құлап кеткен. Желіде сарқырама маңында өзеннің қатты ағысы ер адамды баламен бірге ағызып бара жатқаны...

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Осы аптада Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері түрлі жаңа лауазымдарға тағайындалды. Қазақстанда 12-18 сәуір аралығында болған кадрлық ауыс-түйіске «ҚазАқпарат» агенттігі шолу жасады. Апта басында...

Алматыдан 181 км қашықтықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 04 сағат 38 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Зілзаланың эпицентрі...

«Намазсыз ораза қаза болады» деген рас па? – дінтанушы жауабы

Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы Faceboоk  әлеуметтік желісінде қызу талқыланып жатқан сауалға жауап берді. Желіде мынадай («Намазсыз ораза қаза болады» деген рас па? –ред.) діни...

Өмірзақ Шөкеев қарияларды жаңарған Түркістанды тамашалауға шақырды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Шардара ауданындағы ардагерлер үйінде болды. Ақсақалдармен кездесіп, үстел басына жиналғандарды ашық сұхбат құруға шақырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз...

Қазақстан-Ресей шекарасында әскерилер қоршау орната бастады

Қазақстан мен Ресей шекарасында қоршау орнату жұмысы басталды. Қоршау Атырау және Астрахан (Ресей) облыстарының шекарасында орнатылуда. «2021 жылғы 14 сәуірде Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында...

Айқын Төлепберген Алматыда өзі куә болған келеңсіз жағдай туралы айтып, жұртты сақтандырды (видео)

Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген Алматыда өзі куә болған келеңсіз жағдай жайлы айтып, жұртты абай болуға шақырды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. Айқын Төлепбергеннің...

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі биржа басқармасына төраға болып тағайындалды

Astana International Exchange (AIX) Директорлар кеңесі акционерлер мен реттеуші органдардың мақұлдауымен 23 мамырдан кейін күшіне енетін AIX басшылығының құрылымындағы өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Директорлар...

Ақмола облысында жүк көлігі жүргізушісімен бірге суға батып кетті

Ақмола облысының Шортанды ауданында жүк көлігі суға аударылып, жүргізуші тұншығып көз жұмды. Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай сәуірдің 16-да Бектау ауылы маңында болған. «Анықталғандай, қарғын су шайып...

Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды

Чарльз Гешке – PDF форматты жасауға қатысқан, Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Калифорнияда тұратын Чарльз 82 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Adobe компаниясы хабарлады....

Африкада аң аулаған қазақтарды елдегі аңшылар қолдап пікір білдірді

Қазақстанның аңшылық қауымдастық өкілдері Африкада жабайы аңдарды атып, аңшылық құрған әріптестерін қолдап видео түсірді. Кадрлар Instagram-дағы ohotniki_kz парақшасында жарияланды, деп жазды Tengrinews.kz . «Табиғат»  республикалық қауымдастығының...

Тәулік статистикасы: 641 науқастың жағдайы ауыр, 22 адам қайтыс болды

Кейінгі бір тәулікте 22 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 18 сәуірдегі дерек бойынша 37 749 адам (37 294...

Жағдай әлі күрделі: «Қызыл аймақта» 3 қала мен 5 облыс тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі веомствоаралық комиссиясының Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. 2021 жылғы 18 сәуірдегі жағдай...

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен. Бүгінгі...

18 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Жауын-шашын, тұман, желдің күшеюі

Бүгін Республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның басқа аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы: кей жерлерде жауын-шашын болады, найзағай, тұман,...

Нұр-Сұлтанда алты көлікті соғып зақымдаған мас жүргізуші қамауға алынды

Нұр-Cұлтан қаласында мас күйде көлік басқарған жүргізуші көлік тұрағында тұрған 6 көлікке зақым келтірді. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Полиция...

Көлгінов Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысына қаражат қайдан бөлінгенін айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада салынып жатқан Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы шаһар басшысы Instagram-дағы парақшасында жазды. «Қалада республика...

Қазақстандық балуан Азия чемпионы атанды

Қазақстандық балуан Талғат Сырбаз Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Құрлықтық бәсекеде 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол финалда өзбекстандық Сирожиддин Хасановпен кездесті. Екеуара...

Өзбек сенаторлары: Ташкенттен Алматыға әуебилеті – 4,7 млн , ал Мәскеуге – 4,2 млн. сум тұрады. Әділдік қайда?

Ташкентке Алматы жақын, жақын да болса, алыс. Салыстырмалы түрде Мәскеу алыс, алыс та болса, жақын. Өйткені, ұшу ұзақтығына, қашықтыққа қарамастан Ташкент-Алматы бағытындағы әуебилеті қымбат....

WhatsApp мессенджері қолданушыларға қиындық тудыра бастайды…

Әлеуметтік желілердегі шексіз еркіндікке тұсау салына бастайтын секілді. Мәселен, танымал WhatsApp мессенджері енді өз қолданушыларына жаңа ереже ұсына бастайтын болды. Яғни, 2021 жылдың 15 мамырынан...

Алматыдағы «аждаһа» қиратылып тасталды…

«Бүгін таңертең Алматы қаласындағы Құрманғазы-Достық көшелерінің қиылысында бұрынғы ресторанның қасбетіне орнатылған белгілі суретші Владимира Твердохлебовтың «Аждаһа» («Дракон») атты мозаикасы қиратылып тасталған», − деп хабарлайды...

Қостанай облысында «Nur Otan» партиясы қоғамдық кеңестерінің құрамы бекітілді

14 сәуірде «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасы, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен  «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы саяси кеңесі Бюросының...

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуын қоғамдық кеңестер бақылайды

«Nur Otan» партиясы СҚОФ Саяси кеңес Бюросының отырысында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының бағыттарын іске асыру жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы...

22 жастағы елорда тұрғыны 11 қабаттан құлап, қайтыс болды

Нұр-Сұлтан қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде қайғылы оқиға болды. Елорда тұрғыны 11 қабаттан құлап, қайтыс болды. Қайғылы жағдай туралы Telegram-дағы Astanovka 98 каналы...

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан 12 қоғамдық кеңес құрылды

Маңғыстау облысының әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы С.Трұмовтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Бюро отырысында үш мәселе қаралды....

Жұмыспен қамту мәселесі оң шешімін тапты

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы «Nur Otan» партиясының аудандық филиалына аудан тұрғыны айлық табысы күн көріс деңгейінен артылмайтынын, қазіргі кезде баласы да жұмыссыз екенін айтып,...

Партияға өтініш білдірген аз қамтылған отбасына баспана берілді

"Nur Otan" партиясының Мойынқұм аудандық филиалына аудан тұрғыны өтініш білдірген. Өз өтінішінде жалғызбасты әке 3 бала асырап отырғанын, қолында ата-анасы бар екенін айтып, баспанамен...

«Онда тұрған ештеңе жоқ». Африкада аң аулап жүрген қазақ өз әрекетін түсіндірді (видео)

Африкада мылтықпен аң аулап жүрген қазақстандықтардың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қызу талқыланған болатын. Батыр Сейкенов есімді қазақстандық азамат өз әрекетін түсіндіріп, видеоүндеу жасады....

Шығыс Қазақстанда жоғалған 5 жасар бала табылды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жоғалған 5 жасар баланы тауып, ата-анасына қайтарды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 сәуір күні сағат 16:30 шамасында Глубокое...

Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (20-7-1) келесі жекпе-жегіне дайындықтың басталғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz. «Ресми! Біз келесі кездесуге дайындықты бастадық! Күні мен орнын жақын арада хабарлаймыз...

Ресейлік сериал кейіпкері: «Қазақтар бізге тас атты ма десек, ас атыпты ғой»

Әлеуметтік желіде ресейлік сериалдан үзінді таралып, қызу талқылануда. Онда сериал кейіпкері, орыс әйел жанындағы құрбысына Алжир лагері жайлы әңгімелейді. «Сен Алжир жайлы естіп пе едің? Ол...

Алматы облысында табытқа әйелдің фотосын салып кеткен күдікті табылды (видео)

Алматы облысында әйелдің фотосы салынған шағын табыт табылды. Әлеуметтік желіде таралып, қызу талқыланып жатқан жағдайды қазір облыстық полиция департаменті тергеу үстінде. Табыт ішіндегі фотода бейнеленген...

Жамбыл облысында жоғалған әйелді іздеген құтқарушының өзі табылмай жатыр

Жамбыл облысында екі айдан бері із-түссіз жоғалып кеткен Гүлдана Санақбайды Тасөткел су қоймасынан іздеп жатқан сүңгуірдің өзі он төрт күннен бері табылмай жатыр. Бұл...

Елорда тұрғыны «BMW X5» автокөлігімен 4 жасар баланы қағып, мерт қылды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны «BMW X5» көлігімен 4 жасар сәбиді қағып, мерт қылды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. «16 сәуір күні сағат 19.21-де 102...

«Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар көліктің иесі халықтан кешірім сұрады (видео)

Нұр-Сұлтан қаласында көлігінде «Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көлік бүгін...

Целиноград ауданында су тарифі төмендетілді

ҚР "Табиғи монополиялар туралы" Заңына сәйкес "Целиноград Су Арнасы" ШЖҚ МКК-ы Жаңа жол, Приречный, Шұбар, Жайнақ, Қызылсуат (Қызылсуат 1 және Қызылсуат 2), Қаратомар, Талапкер...

Африкада аң аулап жүрген қазақтардың видеосы елдің ашуына тиді (видео)

Әлеуметтік желіде "Қазақтар Африкада да аң аулап жүр" деген тақырыпта видео тарады. Видеода екі қазақ азамат және басқа да шетелдік аңшылар жираф атып алғаны...

Әлемдік паспорт индексі бойынша Қазақстан қай деңгейде?

«The Henley Passport Index» әлемдік мемлекет азаматтарының төлқұжат рейтингін жариялады. Онда Қазақстан 69 орында тұр. Азаматтардың жүріп-тұру еркіндігіне негізделген елдер классификатор болып табылатын атаулы компания...

Африкада аштық пен ауру қаупі төніп тұр

Африкада 100 миллионнан астам адам азыққа зәру. Бұл туралы Түркияның ТРТ арнасы мәлімдеді. Мәліметке сәйкес, Африкада 100 миллионнан астам адам «апат деңгейінде» азық тапшылығына ұшырап...

Балқаш қаласы маңында ұшақ құлады

Балқаш қаласының авиациялық оқу орталығында СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада 2021 жылғы 16 сәуірде сағат...

Елордада 600 мың тұрғын вакцина алса, вирусты жұқтыру қаупі болмайды

Қазір бізде 49 мың адам бірінші компонентпен вакцинацияланды. Осылайша 50 мың адам 1 мамырға дейін иммундалған болады, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми...

Шымкенте дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған сәбиді аман алып қалды

Шымкент қаласында дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған үш айлық сәбидің жанын сақтап қалды,-деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Тыныс алу жолдарына әлдене тұрып қалған сәби ауруханаға жеткізілген. Сәбиді...

Партия бағдарламасының сапалы орындалуын жастар да бақылай алады

Павлодарда «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының 12 бағыты бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. 16 сәуірде өткен «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы Саяси...

Елімізден екі айдың ішінде 3,4 мың адам біржола көшіп кеткен

2021 жылғы қаңтар-ақпанның қорытындысы бойынша елімізге 1398 адам келіп, 3422 адам біржола көшіп кеткен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы көші-қон қызметі органдарына сілтеме жасап...