Тынымсыз еңбек – Елбасы ұстанымы

Тынымсыз еңбек – Елбасы ұстанымы

Тынымсыз еңбек – Елбасы ұстанымы
ашық дереккөзі
Қазақстанның тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев – әлемдік деңгейдегі саясаткер.  Елбасы – тәуелсіз дербес мемлекеттің негізін қалаушы. Ол 30 жылға жуық уақыттағы ел басқаруында кез-келген сын-қатерлер мен жаһандық катаклизмдерді жеңуге аса  қабілетті екендігін аңғартқан көшбасшы. Дүйім дүние Нұрсұлтан Әбішұлын әлемдегі ең бір  жоғары беделге  ие,  көреген саясаткер ретінде мойындап үлгерді. Кез келген мемлекеттің дамуы мен тұрақтылық жағдайында қалуы тек халқы, географиясы мен экономикасына ғана байланысты еместігін, оған елдің даму бағыт анықтайтын тұлғаның орны ерекше екендігіне әлемдік көшбасшылар жарыса баға береді. Осы ретте әлемнің Нұрсұлтан Назарбаевқа деген назарын аңғаруға болады. Қазақстанда этносаралық және саяси тұрақтылықты сақтап қалудағы еңбегі мен халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін шетел жұртшылығы жоғары бағалағалы қашан?  «Тәуелсіздігін жаңа алған алғашқы жылдарындағы Қазақстанның экономикалық қарқынды дамуы – Н.Назарбаевтың және оның сындарлы саясатының жемісі. Осы ұстанымының арқасында Қазақстан Еуропадағы өте танымал елдердің біріне айналды»,  Франция республикасын өзімен үзеңгілес бастап басқарған сол кездегі Президенті Жак Ширак осылай деп бағаласа, АҚШ Президенті Барак Обама Елбасымыздың ерен еңбегіне былай деп тоқталады: «Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев әлем көшбасшыларына ядролық қауіпсіздік пен ядролық қаруды таратпау мәселесі бойынша үлгі бола алды. Қазақстан бұкіл әлемге ядролық қарудан бас тарта отырып, қауіпсіздік пен экономикалық өсімді қамтамасыз етудің озық үлгісін көрсете алды». Бұл да болса,  Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің  адамзаттың сәтті дамуы үшін қажетті принциптер мен құндылықтарды жаһандық деңгейде насихаттай алғандығының айқын көрінісі дер едік. Н.Ә. Назарбаев әрқашан да сынақтармен күресіп, әділетті әлемдік тәртіп орнатуды жақтады. Елбасының жаһандық жобалары да сөзіміздің бір дәлелі бола алады. Әйгілі  Саммит аясында  Елбасы саммиттің негізгі міндеттерінің бірі – терроризмге қарсы іс-қимылдың және ядролық зарядтың экстремистер қолына түсуіне жол бермеудің маңыздылығын баса айтты. АҚШ Президентінің  оң баға беріп отырған тұсы да осы еді.  Қазақстан Парламенті Еуропалық одақпен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді  де ратификациялады. "Құжаттың толық жұмыс істеуі үшін Еуроодаққа мүше барлық 28 мемлекет ратификациялауы қажет", - деген де Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев болатын. Елбасы өзінің көптеген идеяларын  Қазақстанда – ҚХА, Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінде де іс жүзіне асыра білді. Жаңа жаһандық трендке айналған қоғамға дағдарыс кезінде оны қорғайтын күшті күштің ықпалы  қажеттігін дер кезінде түсінген Елбасы әлем алдында осылай тынымсыз, қажырлы еңбегімен танылды. Бүгінгі таңда саясаткерлердің мықты  мемлекет теориясын Қазақстан шындығымен салыстыруы да сондықтан болар... Бұдан бөлек, Н. Назарбаев -  қазақстандық бизнесті алғаш құрушы.  Қазақстандағы нарықтық экономиканың құрылуы мен  Елбасы  және капитализм ұғымына  мұнай, банктер және шетелдік инвестициялар да кіріп тұр. Елбасы есімімен Қазақ елінің тығыз байланыста қалыптасқаны – тынымсыз еңбектің нәтижесі.

Әсел Жақсыбай