Таразға шетелден 136 қазақстандық ұшып келді

Таразға шетелден 136 қазақстандық ұшып келді

Таразға шетелден 136 қазақстандық ұшып келді
ашық дереккөзі
Будапешт-Киев-Тараз бағытындағы рейспен 165 адам ұшып келді. Оның 29-ы – қырғыз елінің азаматы. Қырғызстандықтар бірден арнайы автокөлікпен өз елдеріне қайтарылды. Қалған жолаушылар жіті тексеріліп, коронавирусқа талдау алынды. Барлығының нәтижесі теріс. Енді олар тұрғылықты мекенжайы бойынша 14 күндік карантинде болады, деп хабарлайды "Хабар 24". "136 Қазақстан Республикасының азаматы карантиндік стационарларға оқшауланып, ПЦР тәсілімен коронавирус инфекцияға тексерілді. Бүгінгі таңда олардың нәтижесі теріс көрсеткіштер көрсетілді. Қазіргі кезде ол тұлғаларды өз облыстарына қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымов.