«7-20-25»: 17,4 мың өтініш мақұлданды

«7-20-25»: 17,4 мың өтініш мақұлданды

«7-20-25»: 17,4 мың өтініш мақұлданды
ашық дереккөзі
«7-20-25» бағдарламасы бойынша несие алуға 29 756 өтінім қабылданды, деп хабарлайды  ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.  «7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша несие алуға 338,81 млрд теңге сомасына 29 756 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 200,20 млрд теңге сомасына қарыз беруге 17 430 өтінім мақұлданды»,– делінген банк хабарламасында. Еске салайық, «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тұрақты кірісі бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматы ғана ала алады. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшері жылына - 7%. Ипотекалық несие бойынша бастапқы жарна - 20% бастап. Несие мерзімі - 25 жыл.