Бразилияда коронавирустан 8 мыңға жуық адам көз жұмды

Бразилияда коронавирус індеті өршіп барады. Соңғы тәулікте елде 600 адамнан қауіпті вирус анықталған.

Пандемия басталғалы елде 116 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Олардың 48 мыңнан астамы емделіп шықты. Ал 7958 науқас көз жұмған.

Бразилияның Сан-Паулу штаты індет ошағына айналып отыр. Онда коронавирусқа шалдығудың 34 мыңнан астам дерегі тіркелген. Ал екінші орында – Рио-де-Жанейро қаласы. Онда індет жұқтырғандар саны 12 мыңнан асты.

Айта кетейік, әлемде COVID-19 инфекциясын 3,7 миллионнан аса адам жұқтырды. Індеттен 257 мыңнан астам адам көз жұмды.

Ал Қазақстанда 4298 адамнан коронавирус анықталды.  Індет жұқтырғандардың 30-ы қайтыс болды.

Back to top button