Алматылықтардың сақтандыру жарнасы 63 млрд теңгеден асты

Алматылықтардың сақтандыру жарнасы 63 млрд теңгеден асты

Алматылықтардың сақтандыру жарнасы 63 млрд теңгеден асты
ашық дереккөзі
358
Медициналық сақтандыру қорына 319 млрд теңгеге жуық қаржы жинақталды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі хабарлады. «Алматы қаласы республика бойынша жарналар мен аударымдардың көлемі жағынан көш бастап тұр – жинақталған соманың бестен бір бөлігі бұрынғыша, оңтүстік астананың еншісінде. Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылғы 1 шілдеден 2020 жылғы 30 сәуірге дейінгі аралықта Алматы қаласынан Қорға 63 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 56,7 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары, қалған 6,6 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндерге тиесілі», – деді филиал директорының орынбасары Жанар Кенжебаева. Сондай-ақ жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 165 мыңға жуық адам 210 млн теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлем төлеген. БЖТ саны республика бойынша 1,8 миллион адамға жетіп отыр. Алматы қаласында олардың саны 10 мыңнан 165 мыңға жетті. Жиынтық төлем төлеушілер саны карантинге байланысты табысынан айырылған азаматтарға берілген мемлекеттік әлеуметтік көмекті рәсімдеушілер санына байланысты артып отыр. Жалпы алғанда 165 мыңнан астам алматылық 210 млн теңгеге жуық БЖТ төлеген.

Серіктес жаңалықтары