Мақтааралға алғашқы гуманитарлық көмек келді

Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданына 30 тоннадан аса азық-түлік тиелген гуманитарлық көмек келді.

Жамбылдық кәсіпкерлер 10 тонна ұн, 10 тонна күріш, 5 тонна қант, 1 тонна гречка, 2 тонна сұйық май, 2 тонна макарон өнімдері мен 5 тонна гигиеналық заттар жөнелткен.

547796ea dc70 4e7b 9062 dd691f6e28a6

Бас-аяғы 10 миллион теңгеден астам демеушілердің есебінен жиналған көмек бүгін қызыл судан зардап шеккен азаматтарға үлестірілетін болады. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календияров сарқын судан жапа шеккен мақтааралдықтарға көмек мұнымен  тоқтап қалмайтынын айтты.

40e1ff81 e6be 4cea ab4d 769e785e2d1f

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынының салдарынан қиын жағдайға ұшыраған азаматтарға қолдау білдіреміз деушілер үшін «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры жұмыс істейді. Қайырымдылықты аталмыш қордың есеп шоттарына да аударуға болады.

Back to top button