Ертеңнен бастап 30 мыңнан астам адам жұмысқа шығады

Ертеңнен бастап 30 мыңнан астам адам жұмысқа шығады

Ертеңнен бастап 30 мыңнан астам адам жұмысқа шығады
ашық дереккөзі
Павлодарда 4 мамырдан бастап 30 мыңнан астам адам жұмысына оралады. «Жақын арада карантинді жеңілдетудің екінші кезеңі басталады. Сіздердің көпшілігіңіз оны күттіңіздер, кейбір нысандардың ашылу мерзімі туралы сұрадыңыздар. Мен сіздерге 4 мамырдан бастап Павлодар облысының 30 мың тұрғыны жұмысына оралып, өз бизнесін қайта жандандыратынын қуанышпен мәлімдеймін», – деп жазды обылс әкімі Әбілқайыр Сқақов Facebook парақшасында. Сонымен, дүйсенбіден бастап қысқартылған жұмыс күні және алдын ала жазылу бойынша мына нысандар жұмысын бастайды:
  • Медицина және оптика орталықтары;
  • Сұлулық салондары;
  • Аумағы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік сатпайтын дүкендер; Ақпараттық байланыс технологиялары орталықтары, жарнама, жылжымайтын мүлік, қойма және логистика саласындағы компаниялар;
  • Адвокаттар мен нотариустар;
  • Кішігірім қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар мен и айырбастау пунктері;
  • Сурет салондары, гүл сататын дүңгіршектер және басқалар. ⠀
Сонымен қатар, далада спортпен айналысуға рұқсат беріледі. Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы БАҚ-та жарияланған. «Құрметті жерлестер, карантин шараларының жеңілдетілуі өз денсаулығымызға немқұрайлы қарауға болады дегенді білдірмейді. Бұрынғыдай барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтап, өзіміз бен жақындарымызды қорғауымыз керек», – дейді облыс басшысы.