Алматы трамвайдан түбегейлі бас тартты

Алматы трамвайдан түбегейлі бас тартты

Алматы трамвайдан түбегейлі бас тартты
ашық дереккөзі
234

Алматы қаласы әкімдігі трамвай тасымалын қалпына келтіруден түбегейлі бас тартты. Трамвайлардың қатысуымен болған жол апаттарының жиілеуіне байланысты жұмысын уақытша тоқтатқан Алматы трамвай депосы қайта ашылмайтын болды. Әкімдіктің мұндай шешім қабылдауына не себеп болғанын "Астана" телеарнасының тілшісіне қалалық жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы Дәурен Асылбекұлы баяндап берді.

 Алматы тұрғындары қала көшелерінен трамвайды мүлдем көрмейтін болды. Қалалық жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы Дәурен Асылбекұлының айтуынша, депоны жаңартуға тым көп қаржы жұмсалатындықтан, жергілікті әкімдіктің трамвай тасымалынан бас тартуына тура келген. Тозығы жеткен темір жолдарды қайта қалыпқа келтіруге 16 млрд теңге кетеді екен. Су жаңа вагондар сатып алу мен депоның күрделі жөндеуі тағы бар. Қысқасы, мұның барлығы бюджетке ауыр тиеді, дейді шенеуніктер. Сондықтан 2018 жылдан бастап трамвайды  жеңіл рельсті көліктер алмастырады.

 "Жеңіл рельсті көлікті қосу үшін де ақша керек. Осы мақсатты жүзеге асыруға шетелдік инвесторларды тарту қаралып жатыр. Құрылыс 2 жылдан соң басталады деген жоспар бар. Қазір ескі трамвайларды сатып алатындарды іздестіріп жатырмыз. Ресейге сұраныс жібердік. Жаңа трамвайлардың құны 1,5 миллион еуроға дейін барады. Ал қолданыстағы вагондар одан бірнеше есе арзан", - дейді  Алматы қалалық жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы Дәурен Әлімбеков.

 Естеріңізде болса, 2015 жылдың қазанында Алматы трамвай депосы өз жұмысын тоқтатқан болатын. Оған трамвайдың қатысуымен болған екі бірдей жол апаты себеп болды. Зардабынан 31 көлік жапа шегіп, 10 адам жарақат алған. Алғашқы трамвай апаты бойынша кінәлілер жауапқа тартылып, трамвай жүргізушісі мен оның тәлімгерінің 2 жылға бостандығы шектелді. Алматыда  көшелерінен трамвайдың шеттетілуі қоғамдық көліктің осы түрін қолданып жүрген өзге қалаларға сабақ болды. Павлодардағы қалалық жолаушылар тасымалы қаладағы трамвай депосын жаңартуға кірісті. Оның 92 пайызына күрделі жөндеуді талап етеді.

Серіктес жаңалықтары